01.07.2009, 11:45 2680

Жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес - Назарбаев

Жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес - Назарбаев

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезінің ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Дағдарысқа қарсы тұруды тек материалдық тұрғыдан ғана қарастыру тым тарлық етеді. Санадағы өзгерістерсіз, моральдық нормалар мен жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес дегенге мен сенімдімін", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

"Тек әділетті әлем ғана адамзат қоғамының гүлдену негізіне айналуға тиіс. Астанада құрылған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының іс-қызметі дәл осы мақсатқа бағытталуға тиіс", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны