01.07.2009, 12:55 2612

Жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес - Назарбаев (толықтырылған)

Жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес - Назарбаев (толықтырылған)

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезінің ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Дағдарысқа қарсы тұруды тек материалдық тұрғыдан ғана қарастыру тым тарлық етеді. Санадағы өзгерістерсіз, моральдық нормалар мен жоғарғы моральдық принциптер сақталмайынша, экономикалық дағдарысты еңсеру мүмкін емес дегенге мен сенімдімін", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

"Тек әділетті әлем ғана адамзат қоғамының гүлдену негізіне айналуға тиіс. Астанада құрылған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының іс-қызметі дәл осы мақсатқа бағытталуға тиіс", - деді ол.

"Жоғарғы адамгершілік пен рухани байлықсыз жаңа әлемдік құрылымның мәні жоқ. Илемді дағдарыстан кейін қайта құрудың басты тетігіне дәл осылар айналуға тиіс. Ир халықтың мәдениетіндегі ең таңдамалысы барлық адамзат дүниесінің қазынасына айналуы қажет", - деді Қазақстан президенті.

"Мұндай әлемде діни сеніміне бола өзара сезіктену мен алалаушылыққа орын болмауға тиіс. Бұл қоғамдастықта ілгерілеушілік тек материалдық байлығының көлеміне сәйкес қана бағаланбай, сонымен бірге жоғарғы адамгершілік пен адамдардың жауапкершілігімен де бағалануға тиіс. Мұндай әлемдік құрылымды жасауға тек әлемдегі алпауыт жетекші мемлекеттер ғана емес, басқа барлық елдер мен халықаралық ұйымдар да атсалысуға тиіс", - деді ол.

"Мен дәл осы тұрпатта түбегейлі жаңғырау жоспарын жасауды ұсындым. Онда жаңа валюталық жүйені құру шаралары ғана емес, сонымен бірге, ұлттар, халықтар мен елдердің жаңаша, мейлінше тиімді шаруашылық жоспарлауға көшу шаралары да қарастырылуға тиіс дегенге сенімім кәміл. Оның ажырамас бір бөлігі - рухани саладағы инновациялар болуға тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны