30.05.2007, 18:31 3131

Жоғарғы сот кеңесіне сот жүйесіне мейлінше тиімді ықпал етуге мүмкіндік беретіндей құзыретке ие болдыру керек - Конституциялық кеңес төрағасы

АСТАНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Жоғарғы сот кеңесіне сот жүйесіне мейлінше тиімді ықпал етуге мүмкіндік беретіндей құзыретке ие болдыру керек Бүгін "Конституциялық реформа және Қазақстандағы демократиялық процестерді тереңдету" тақырыбындағы бас қосу барысында Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Иділет саласының квалификациялық алқасының таратылуына байланысты Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесі мен құзыреті туралы мәселені жеке қарауды талап етеді",- деді И.Рогов. "Жоғарғы сот кеңесінің бұрынғыдай республика президентінің жанында жұмыс істеу мүмкіндігін сақтай отырып, оған маман іріктеу және басқа да өкілеттіліктермен қатар сот жүйесіне мейлінше тиімді ықпал етуге мүмкіндік беретіндей құзырет беру қажет. Илбетте, әділеттілікті жүзеге асырудағы судьялардың тәуелсіздігіне бұл орайда қол сұғуға болмайды",- деді ол.

И.Роговтың пікірінше, Жоғарғы сот кеңесінің құрылымында "судьялықтан үміткерлерден квалификациялық емтихан қабылдайтын бөлімше құру қажет". "Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы өз міндетін қазіргідей қоса атқармай, тұрықты негізде атқарға тиіс деп санаймын",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны