18.04.2008, 17:51 3280

Жоғарғы сот Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үйді заңсыз алған азаматтарды пәтерден шығару туралы сот шешімінің орындалуын тоқтата тұру жөнінде шешім шығарды

Жоғарғы сот Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үйді заңсыз алған азаматтарды пәтерден шығару туралы сот шешімінің орындалуын тоқтата тұру жөнінде шешім шығарды

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" Жоғарғы сот Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үйді заңсыз алған азаматтарды пәтерден шығару туралы сот шешімінің орындалуын тоқтата тұру жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы кеше журналистерге арналған брифингте Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы Мақсұт Ибілқайыров мәлім етті, деп хабарладйы агенттік тілшісі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол ҚР Жоғарғы соты төрағасының тексеру аяқталғанға дейін Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сату-сатып алу және азаматтарды пәтерден шығару келісім шартының заңсыз екенін тану туралы сот шешімінің орындалуын тоқтату жөніндегі шешімі жөнінде хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , Жоғарғы сотта ҚР президентінің "2004 жылығы 11 маусымдағы "2005-2007 жылдардағы тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама туралы" жарлығындағы 2007 жылы көрсетілген бағдарлама шеңберінде азаматтарға тұрғын үй беруге байланысты азаматтық істерді қарау барысында соттарда қолданылатын практикалар зерттелді.

Көрсетілген статистикалық мәліметте 2007 жылы республика соттарында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде берілген тұрғын үйге дауласу жөніндегі прокурордың талабы бойынша қаралған 106 іске шешім шыққаны келтірілген.

71 іске қатысты қаралған талап қанағаттандырылған, 66 іс бойынша азаматтарды пәтерден шығару шешімі қабылданған, ол 20 іс бойынша орындалған.

"Жоғарғы сот төрағасының сот практикасын зерттеуінің нәтижесі бойынша аталған санаттағы іс бойынша азаматтарды пәтерден шығару заңдылығын тексеру аяқталғанға дейін, яғни сот актісі оның негізділігін қосымша тексеруді талап етеді",- дейді баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, көрсетілген іс қаралу сәтінен бастап, азаматтардың пәтердің меншік иесі құқығына ие болғаны әділет органындағы жекеменшік құқығын тіркейтін мәміле негізімен бекітілген. Азаматтық кодекстің 118 бабында көрсетілгендей, жылжымайтын мүлікке жекеменшік құқық мемлекеттік тіркеуге алынған сәтінен басталады делінген.

Азаматтық кодекстің 188 бабының 2 тармағына сәйкес жекеменшік иесіне өзінің мүлкін орналастыру, пайдалану және ие болу құқығы жатады. ҚР Конституциясының 26 бабына сәйкес әркім өзінің мүлкінен сот шешімінсіз ешқандай айырылуы мүмкін емес. Сондықтан заңды сот шешімі күшіне енбейінше, жергілікті атқару органдарымен, азаматтар мен банктердің: сату-сатып алу келісім шарттары, несиелік шарттар, кепілдік (ипотека) шарттары және азаматтардың келтірген шығымдарының өтемақысы туралы, пәтерден шығару мәселесі жөніндегі қаулысы еретерек қойылған нәрсе.

Сондай-ақ тексеру көрсеткендей, прокурорлар сотқа талап бергенде азаматтарды пәтерден шығарғанда тұрғын үйді алған кезде салған ақшаларын қайтармауды сұраған. Бұдан басқа, азаматтардың басым бөлігі пәтерлерді толық бітпеген қаралай күйінде алып, әрлеп, жөндеу жұмысын жүргізген. Бұған әжептәуір қаржы жұмсаған. Сонымен қатар, азаматтардың жұмсаған шығындарына өтемақы бермей шығарып тастау - азаматтардың конституциялық құқығын бұзу және өте маңызды зардапқа әкеп соғатынын есепке алған жөн.

Осыған байланысты жергілікті соттарға аталған нақты істерді қарау барысында мән-жайды жан-жақты анықтап, Мемлекеттік бағдарлама халықтың орта дәрежелі көп бөлігін қолайлы пәтерлермен қамтамасыз етуді назарда ұстап отырғанына, азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға кіріптарлығын, оның ішінде құны жоғары коммерциялық тұрғын үйді алуға материалдық жағдайлары көтермейтін азаматтарға айрықша көңіл бөлу керектігі жөнінде ұсыныстар берілді.

Осы азаматтардың үш санат бойынша тұрғын үй алуына басым құқығы бар: 1) жаңадан отбасын құрған балалары бар жанұя, 2) мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері, 3) әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері.

Басым құқығы бар азаматтарға жататын, оған бірден бір үміткер ретінде айрықша санаттағы тұрғын үй бағдарламасының ережесінен қателесу азаматтардың құқығының бұзылуына әкелуі мүмкін.

"Осы баяндалған негіздер барлық деңгейдегі соттардың істі объективті және заңды түрде қарауына ұсынылды",- делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны