14.07.2018, 19:58 5407

Жоғарғы Сотта сот төрелігін жүзеге асыру бойынша республика судьяларыныӊ кеӊейтілген кеӊесі өтті

Сотта енгізілген жобаларға фронт-офис, "электронды кезек", электронды сот істерініӊ санаттарын кеӊейту, судьяларды мамандандыру, электронды сот залы жатады. Резерв есебінен судьялардыӊ көмекшілері лауазымдары пайда болды. Мұныӊ барлығы адамдардыӊ нақты сұраныстарын қанағаттандыруға және сот төрелігініӊ тиімділігін арттыруға бағытталған.

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Жоғарғы Сотта сот төрелігін жүзеге асырудыӊ 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша республика судьяларыныӊ кеӊейтілген кеӊесі өтті.

Іс-шараға Президент Икімшілігі Басшысыныӊ орынбасары Илия Рақышева, Президент Икімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімініӊ меӊгерушісі Данияр Вагапов, Жоғары Сот Кеӊесініӊ Төрағасы Талғат Донақов, Парламент Сенаты комитетініӊ төрағасы Георгий Ким, Бас прокурордыӊ орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

Форумға республикалық адвокаттар алқасыныӊ төрағасы Инуар Түгел мен Коммерциялық заӊгерлер кеӊесініӊ басқарушысы Айгүл Кенжебаева да қатысты. Кеӊеске "Атамекен" ҰКП, Кәсіподақтар федерациясыныӊ, адвокаттар алқасыныӊ, Сот төрелігі академиясыныӊ өкілдері, медиаторлар мен жеке сот орындаушылары шақырылды.

Іс-шараға жергілікті соттар бейнебайланыс арқылы қосылды.

Кеӊес жұмысы Интернетте онлайн-режимде көрсетілді.

Кеӊейтілген кеӊесте алғаш рет "Сот төрелігініӊ 7 түйіні" шеӊберіндегі жобаларға қатысушы жергілікті соттардыӊ судьялары мен сот процесініӊ қатысушылары сөз сөйледі. Олар сот жүйесін жаӊғыртуға қатысты өз ойларымен бөлісті. Адвокаттар атынан Сергей Сизинцев, заӊгерлік қауымдастық атынан Айгүл Кенжебаева, прокуратура атынан Марат Ахметжанов пікір білдірді.

Бұдан әрі елордадағы Сарыарқа аудандық сотында іске асып жатқан "Үлгілі сот" серпінді жобасы туралы оныӊ төрағасы Арман Жүкенов сөз сөйледі. Ол сотта енгізілген жобаларды атап шықты. Бұларға фронт-офис, "электронды кезек", электронды сот істерініӊ санаттарын кеӊейту, судьяларды мамандандыру, электронды сот залы жатады. Резерв есебінен судьялардыӊ көмекшілері лауазымдары пайда болды. Мұныӊ барлығы адамдардыӊ нақты сұраныстарын қанағаттандыруға және сот төрелігініӊ тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кеӊесте татуластырушы судья Ақтоты Ибдіқұлова сөз сөйледі. Бұл институт серпінді жоба ретінде елордадағы Сарыарқа аудандық сотында құрылған. Жобаныӊ мәніне келер болсақ, сотқа түсетін барлық істер алдымен татуластырушы судьяныӊ қарауына беріледі. Оныӊ басты міндеті - тараптарды татуластыру. Егер бұған қол жеткізу мүмкін болмаса, іс басқа судьяға беріледі. Осы жоба басталған үш айдыӊ ішінде 152 іс бойынша тараптар татуласқан. Бұл судьяға жүгінгендердіӊ 52 пайызы.

Жоғарғы Сот Төрағасыныӊ кеӊесшісі Сағатбек Сүлеймен мен Павлодар қалалық сотыныӊ судьясы Нұржан Ибдікәрімов соттан тыс және соттағы татуластыруды дамыту туралы өз ойларымен бөлісті.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотыныӊ судьясы Ұлдана Сүлейменова түнгі соттардыӊ қызметі туралы мәлімдеді. Рудный қалалық, Күршім және Бостандық аудандық соттарыныӊ судьялары Айгүл Аяпбергенова, Салтанат Жүніспекова мен Сара Қаракүзиева сот актілерініӊ сапасы мен оны түсіндіру барысын әӊгімеледі. Жамбыл облыстық сотыныӊ судьясы Светлана Яковлева цифрлық сот төерлігін дамытуға қатысты пікірін ортаға салды.

Бұдан әрі Департамент басшысыныӊ орынбасары Аслан Түкиев Икімшілік рәсімдік-процестік кодекстіӊ жобасы, Департаменттіӊ бас консультанты Айжан Демеуғалиева Жобалық офистіӊ қызметі туралы айтты.

Ж.Асанов іс-шараны қорытындылау барысында сот жүйесін жаӊғырту бағытындағы жұмыстарды атай келе, сот төрелігініӊ сапасын арттыру мақсатында судьялардыӊ алдына бірқатар міндеттер қойды.

Жоғарғы Сот Төрағасы барлық судьялар мен қоғам өкілдерін соттар қызметін одан әрі жақсарту жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Жоғарғы Соттыӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны