20.02.2015, 16:19 4070

Жоғары сынып оқушысы математикадан төмен балл алғаны үшін өзіне қол салды

17 ақпан күні Доссор поселкесіндегі Қанатбаев атындағы мектептіӊ 11-сынып оқушысы дәрі ішіп, өзіне қол салды

Атырау. 20 ақпан. Kazakhstan Today - 17 ақпан күні Доссор поселкесіндегі Қанатбаев атындағы мектептіӊ 11-сынып оқушысы дәрі ішіп, өзіне қол салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Ол өлер алдындағы хат қалдырмаған, алайда, оныӊ өзіне қол салу себебі мектепте ҰБТ әзірлік барысында математика пәнінен төмен балл жинауынан болған деген болжам бар. Анықталғандай, ол сыныптас қыздарына ҰБТ-дан сәтсіз өтсе, өзі-өзіне қол салатынын айтқан, -дейді Мақат ауданы прокурорыныӊ орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВ, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

Бүгінде аталмыш факт бойынша ҚР ҚК105-баптыӊ 1-тармағы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны