10.07.2009, 18:38 2837

Жоғары тұрған сот сатылары жалпы шыққан шешімдердің 0,7%-ын, үкімдердің 0,4%-ын бұзған - Жоғарғы сот

Жоғары тұрған сот сатылары жалпы шыққан шешімдердің 0,7%-ын, үкімдердің 0,4%-ын бұзған - Жоғарғы сот

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жоғары тұрған сот сатылары жалпы шыққан шешімдердің 0,7%-ын бұзған. Бұл туралы бүгін 2009 жылдың бірінші жарты жылдығанда сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша өткен судьялардың кеңейтілген жиналысында Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Илімбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

ҚР Жоғарғы сотының мәліметінше, алдын ала алынған статистикалық мәліметке қарағанда осы жылдың алты айында жергілікті соттарға 433732 істер мен арыздар түскен, оның 268334 азаматтық, 137288 әкімшілік, 28110 қылмыстық істерді құраған.

Барлығы жоғары тұрған сот сатыларымен 1045 шешім бұзылған, яғни жалпы шыққан шешімдердің 0,7% иемденеді. Бұзылған үкімдер 0,4 пайыз (114 адамға қатысты). Икімшілік істер бойынша қаулылардың 0,3 пайызы (407 адамға қатысты) бұзылған.

Осы жылдың 21 маусымына дейін қамауда ұстауды ұзарту және санкциялау туралы 12 079 қалау-тілек қаралып, оның ішінде 11 713 қалау-тілек немесе 97 пайызы қанағаттандырылған, республика бойынша орташа есеппен айына 1720 санкция берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны