24.01.2019, 18:44 6409

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

Шекарашылар 3 жүк көлігін, 4 жолаушылар автобусын, көптеген жеӊіл автокөліктерді жүргізушілерімен және жүргіншілерімен қоса барлығы 13 автотехниканы қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылғандар ішінде толғағы таяп тұрған әйел де бар екен.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Мақаншы шекара отрядыныӊ кезекші бөліміне "Талдыкорған - Аягөз" тас жолыныӊ 92-жолайрық (разъезд) деп аталатын тұсында төтенше жағдай орын алғандығы туралы ақпар келіп түсті. Ұйтқи соққан боран (25-30 м/с) тас жолды омбы қарға көміп, техникалық көліктер қозғала алмай, тоқтап қалыпты. Анықталмаған мәліметтерге қарағанда, 500-ден астам адам қар тұтқынында қалған екен.

Искери бөлім басшылығы тез арада шешім қабылдап, шұғыл түрде құтқару тобын құрды. Қажетті құралдарымен, түнде көретін құрылғылармен жабдықталған, қосымша аккумуляторлық батареялар, жылы көрпелер, азық-түліктер тиелген жол талғамайтын көліктерге мініп төтенше оқиға орын алған жерге аттанған екі байланыс маманы, екі әскери дәрігер, шаӊғышылардан тұратын топ түнгі сағат 3-тен өте діттеген жерге жетіп құтқару жұмыстарына кірісті.

Шекарашылар 3 жүк көлігін, 4 жолаушылар автобусын, көптеген жеӊіл автокөліктерді жүргізушілерімен және жүргіншілерімен қоса барлығы 13 автотехниканы қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылғандар ішінде толғағы таяп тұрған әйел де бар екен. Сонымен бірге ыстығы көтерілген екі автокөліктіӊ жүргізушісіне медициналық көмектер көрсетілді. Сағат 13.30-да құтқару тобы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны