12.02.2008, 14:36 3076

Жол тораптарының құрылысы Алматыдағы жол жағдайын күрделілендіріп отыр

Жол тораптарының құрылысы Алматыдағы жол жағдайын күрделілендіріп отыр

Алматы. 12-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Жол тораптарының құрылысы Алматыдағы жол жағдайын күрделілендіріп отыр, деп хабарлайды "Мы выбираем Караван" апталығы.

Журналистердің қалалық әкімшіліктің көлік және көлік жолдары департаменті бастығының орынбасары Айтқазы Арықбаевпен бірге жүргізген "көлік серуені кезінде" Алматы жолдарындағы ахуал талқыланды. "Жаңа жол тораптарын пайдалануға бере отырып, біз көлік жолдарын тек қана бөгеудеміз. Бұны Сейфуллин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында анық байқауға болады. Және де оларды ең алдымен салып, нәтижесінің қалай болатындығын содан кейін ғана ойластыра ма деген ой туады",- деп жазады апталық авторы.

Атап айтқанда, газет тілшілері Рысқұлов даңғылындағы жол торабының құрылысы неге межеленген уақытында берілмей жатыр дегенге жауап алғылары келеді. А. Арықбаевтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылған қаржы жетпей қалған. "Үйлерді бұзу барысында адамдар ең жоғары өтемақы алғылары келеді. Ал бұл жердегі үйлердің барлығы бұзылмайынша, біз құрылыс сала алмаймыз. Қазір құрылыс істері жөніндегі комитет деңгейінде қосымша қаржы бөлуге қол жеткізбекпіз". Икімшілік өкілінің айтуынша, енді бұзылуға тиіс 20 үйдің иелерімен есептесу үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы керек.

Сонымен қатар айналма жолдар, нақтырақ айтқанда көліктердің үлкен ағымына есептелмеген көше жолдары артық салмақ түсу салдарынан бүлініп жатыр. Олардың кейбіріне асфальт төселмеген. Ал бұл жолдармен құрылыс кезінде тек жеңіл көліктер ғана емес, жүк көліктері де жүреді. Бірақ, әкімшілік өкілінің айтуынша, бүлінген айналма жолдарға әзірге асфальт төселмейді, тек жол торабы пайдалануға берілгеннен кейін ғана төселеді. "Екі-үш ай ғана жүреді, асфальт төсеудің не мәні бар?",- деді А. Арықбаев.

Сонымен қатар, автор әкімшіліктің жаңа жоспарлар туралы хабарлағандығын айтуда. "Қазірде көлік ағымдарын қадағалайтын арнайы бағдарлама әзірленуде. Ирбір жол қиылыстарына бейне камера орнатамыз, сөйтіп компьютер көліктерді санап, ақпарат береді, осы ақпараттың негізінде біз қандай да бір көше қиылыстарындағы проблеманы шешетін боламыз",- деді А. Арықбаев.

Сондай-ақ, қаланың билік өкілдері журналистермен метроның екінші желісін салудың жаңа жоспарымен бөлісті.

Апталықтағы ақпараттарға сүйенсек, метроның бірінші желісін (Фурманов - Райымбек көшелерінің қиылысынан 1-ші Алматы вокзалына дейін) келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Батыс бағытындағы екінші желі (Абай - Жароковтан Қалқаманға дейін) - бұл бұрын қарастырылған 4,5 метрлік диаметрдің орнына 14 метрлік диаметрді қарастырған жаңа жоба. "Бұл екі қабатты метро болады, астыңғы қабатымен поезд жүрсе, екінші деңгейімен жеңіл көліктер жүретін болады",- деп айтылған апталық материалында.

Естеріңізге сала кетейік, Республика алаңының астында салынып жатқан "Алмалы" көп функциялық орталығы алаңның бүкіл ұзына бойында сызаттардың пайда болуына алып келді. Осыған байланысты 9 ақпанда көлік қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылданған болатын. Бұл көршілес көшелерде көлік тығынының пайда болуына әкеп соқтырып отыр.

Сонымен бірге, "алаңның жабылуы асфальтта пайда болған сызаттарға байланысты ма?", деген тілші сауалына ол: "байланыссыз", деп жауап берді. Оның айтуынша, алаң бірнеше күнге ғана жабылады. "Сызат мәселесі күн тәртібіне қойылмаған".

Естеріңізге сала кетсек, кең ауқымда жарнамаланған "Алмалы" сауда орталығы салынардан бұрын "Базис А" компаниясы алаңның үстіндегі қозғалысты тоқтатпайтындары жөнінде кепілдеме берген болатын. Сонымен қатар, жоба алаң аумағының бұзылуын қарастырмаған. Ақпарат көзінің пайымдауынша, корпорацияның жоспарды өзгертуіне алаңның асфальт қабатының бүлінуі мәжбүр еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны