05.01.2015, 19:58 10673

Жол жүрісі қағидаларыныӊ "Жолаушыларды тасымалдау" атты 22-бөліміне балаларды автомобильде тасымалдауға қатысты мынадай толықтыру енгізілді

"Жалпы ережелер" бөліміне автомобиль, күндізгі жүру жарықтары, ірі көлемді көлік құралы сияқты бұрын болмаған жаӊа терминдер енгізілді.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен жаӊа Жол жүрісі қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соӊ қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, 2015 жылғы 7 қаӊтардан бастап Үкімет қаулысы қолданысқа енгізіледі және Жол жүрісі қағидаларында мынадай жаӊалықтар бар:

"Жалпы ережелер" бөліміне автомобиль, күндізгі жүру жарықтары, ірі көлемді көлік құралы сияқты бұрын болмаған жаӊа терминдер енгізілді.

Жүргізушілердіӊ, жаяу жүргіншілердіӊ және жолаушылардыӊ жалпы міндеттері "Жол жүрісі туралы" Заӊ нормаларына сәйкес жазылған.

Жолдардағы жүріс жылдамдығы автомагистраль мен бөлу жолағы бар жолдарды қоспағанда, сағатына 100 км болып белгіленді (бұрын сағатына 110 км болатын).

"Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану" бөлімінде жүріп келе жатқан көлiк құралдарыныӊ жүргізушілерін тәулiктiӊ жарық уақытында жүріп келе жатқан көлiк құралдарын белгiлеу мақсатында жақын жарық фараларын немесе күндіз жүру оттарын қосуды міндеттейтін норма бірінші рет енгізілді.

Жеке бөлім тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардыӊ жол жүрісін қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Атап айтқанда:

1) мүгедектер немесе мүгедектерге немесе зағиптарға қызмет көрсететін көлік құралдарыныӊ жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына "Тоқтап тұруға тыйым салынады" деген және т.б. тыйым салатын жол белгілерініӊ күші қолданылмайды;

2) мүгедектердіӊ:

- жаяу жүргіншілердіӊ жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырған жағдайда елді мекендердегі аялдауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта аялдау және көлік құралын тоқтатып қою;

- жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеулі тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарыныӊ шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қою құқықтары айқындалды.

Көлік құралын басқаруға тыйым салуды көздейтін негіздер "Жол жүрісі туралы" Заӊда көзделген ережелерге сәйкес келтірілді.

Жол жүрісі қағидаларыныӊ "Жолаушыларды тасымалдау" атты 22-бөліміне балаларды автомобильде тасымалдауға қатысты мынадай толықтыру енгізілді: 12 жасқа дейінгі балаларды оларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігініӊ көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралыныӊ конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралыныӊ алдыӊғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады.

"Механикалық көлік құралдарындағы балалар үшін ұстау құрылғыларды ресми бекітуге қатысты бірыӊғай ұйғарымдар" СТ ҚР 41.44-2012 Стандартына сәйкес "Балаларды ұстау жүйесі (ұстау құрылғысы) () - бұл ілгіштерден немесе тоғасы бар иілгіш элементтерден, реттелетін құрылғылардан, бекіту бөлшектерінен және кейбір жағдайларда қосымша құрылғылардан (мәселен, бала бесігі, ағытылатын бала креслосы, қосымша орындық және/немесе соққыға қарсы экран) тұратын элементтердіӊ жиынтығы, ол автокөлік құралы шанағыныӊ ішкі жағына бекітілуі мүмкін". Құрылғы көлік құралы соқтығысқан немесе кенеттен тоқтаған жағдайда ұстау құрылғысында отырған баланыӊ жарақаттану қауіпін оныӊ денесініӊ қозғалысын шектеу арқылы азайтатындай болып құрастырылуы тиіс.

Осылайша, автомобиль салонында баланы сенімді ұстап қалу үшін автокреслолармен қатар автобесіктер және бустер-жастықтары, олар да "балаларды ұстау құрылғылары" ретінде жіктеледі, сондай-ақ баланы қауіпсіздік белдіктері арқылы отырғызуға мүмкіндік беретін өзге де құрылғылар пайдаланылады.





Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полиция комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны