21.05.2008, 17:19 3170

"Жолаушы тасымалдары" АҚ мамырдың аяғында "Астана - Үрімжі" арасындағы жаңа теміржол қатынасын іске қосады

"Жолаушы тасымалдары" АҚ мамырдың аяғында "Астана - Үрімжі" арасындағы жаңа теміржол қатынасын іске қосады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Жолаушылар тасымалдары" АҚ 27 мамырдан бастап "Астана - Үрімжі" теміржол қатынасының жаңа № 54/53 халықаралық бағытын енгізеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бұдан бұрын Астанадан Қытайға ауыспайтын екі вагон ғана жүріп, олар оңтүстік Астанада "Алматы - Үрімжі" поезына тіркелетін. Осыған байланысты билеттер тапшылығы байқалатын. Мысалы, 2006 жылы 9,4 млн жолаушы тасымалданса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 12 млн жолаушыға ұлғайды", -деп атап өтті баспасөз қызметі.

Жазғы маусымда Қытайға бағытталған туристік және сауда саяхаттары қызған шақта, Астана мен солтүстік өңірлердің тұрғындары тікелей рейстерге алдын-ала тапсырыс беріп, билеттерді сатып алады. Ашылатын жаңа халықаралық бағытта поез билеттері 45 тәулік бұрын сатылады.

Компанияның ақпараты бойынша, "Алматы - Үрімжі" бағытндағы поез аптасына бір рет жүретін болады және оның жолдағы қозғалыс уақыты 37 сағатты құрайды. Қазақстан астанасынан поез құрамы сейсенбіде 16 сағат 50 минутта шығып, Үрімжіге бейсенбіде 8 сағат 58 минутта жететін болады. Ал Қытайдан бейсенбі күні жергілікті уақытпен 23 сағат 58 минутта шығып, Астанаға сенбі күні 12 сағат 35 минутта келеді.

"Жаңа поез құрамындағы 9 вагонның 7-уі купелі, біреуі отбасыларға арналған вагон және "Достық" станциясына дейін мейманхана вагоны тіркелетін болады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

1992 жылдан бастап "Алматы - Үрімжі" бағытындағы поезі жол жүре бастады. 2004 жылдан бастап Астанадан аптасына бір рет екі вагон жіберіліп, олар Алматыда "Алматы- Үрімжі" поезінің құрамына тіркеліп отыратын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны