09.07.2015, 18:05 3701

Жолаушылар вагоныныныӊ терезесін шаққан жасөспірімдер

2015 жылдыӊ 7 шілдесі күні сағат 17:00 кезінде Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына Есіл станциясындағы ЖПб кезекшісініӊ инспекторы полиция капитаны Даулетбаев К.-дан "Есіл-Сұрған" айналымыныӊ 429 шақырымында "Астана-Мәскеу" бағытындағы жолаушылар пойызыныӊ 10 вагоныныӊ 1 купесініӊ терезесін белгісіз біреулердіӊ шағып кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 7 шілдесі күні сағат 17:00 кезінде Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына Есіл станциясындағы ЖПб кезекшісініӊ инспекторы полиция капитаны Даулетбаев К.-дан "Есіл-Сұрған" айналымыныӊ 429 шақырымында "Астана-Мәскеу" бағытындағы жолаушылар пойызыныӊ 10 вагоныныӊ 1 купесініӊ терезесін белгісіз біреулердіӊ шағып кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Абырой болғанда, терезе шағылған кезде купеде болған жолаушылардыӊ денсаулығына залал келген жоқ.

Аталған факт бойынша Есіл станциясындағы ЖПб қызметкерлері дереу оқиға орынына жетіп, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында осы әрекетті жасаған 4 жасөспірімді анықтады. Жасөспірімдердіӊ барлығы Есіл қаласыныӊ мектептерінде оқитын 6 және 7 сынып оқушылары болып шықты.

Қазір осы аталған жасөспірімдердіӊ ата-аналарына қатысты ҚР ИҚБтК-ныӊ 448 бабы 1 тармағы (жасөспірімдер вандализмі) бойынша әкімшілік өндіріс басталып, Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық Ювеналдық сотқа жолдау үшін материалдар дайындалуда. Енді ата-аналар жолаушылар тасымалы филиалына сынған терезеніӊ шығынын төлеп беруге міндетті болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны