12.01.2015, 12:14 4579

Жолда қалған Қырғызстан азаматтарына көмек көрсетілді

Ақмола облысыныӊ ТЖД және ІІД қызметкерлері жолда қалған автобустыӊ жүргізушісі мен 17 жолаушысын қауіпсіз жерге көшірді.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ ТЖД және ІІД қызметкерлері жолда қалған автобустыӊ жүргізушісі мен 17 жолаушысын қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақмола облысыныӊ ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, "Ош -Мәскеу" бағытында келе жатып, қозғалтқышы істен шыққан бағдардағы автобустан 18 адам құтқарылған. Оқыс оқиға Атбасар ауданындағы "Алматы -Екатеринбор" тас жолыныӊ 986 шақырымында болған, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Көлік Атбасар қаласыныӊ Автобус паркіне жеткізілді, ал 18 адам (барлығы Қырғызстан азаматы) қонақ үйге орналастырылды", - деп толықтырды ІІД баспасөз қызметіндегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны