19.06.2015, 13:12 3359

Жөндеу жұмыстарына байланысты Астананыӊ кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қарасай батыр көшесініӊ Қарталы көшесі мен Жеӊіс даӊғылы аралығындағы аумағында көлік қозғалысы шектеледі. Көлік қозғалысы үстіміздегі жылдыӊ 1 шілдесінде қалпына келтіріледі деп күтілуде

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қарасай батыр көшесініӊ Қарталы көшесі мен Жеӊіс даӊғылы аралығындағы аумағында көлік қозғалысы шектеледі. Көлік қозғалысы үстіміздегі жылдыӊ 1 шілдесінде қалпына келтіріледі деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, 19 маусым күні, жол жөндеу жұмыстарын өткізу салдарынан Төлебаев көшесініӊ Қобыз және Қобда көшелері аумағында көлік қозғалысы шектеледі. Одан өзге, Алаш тас жолынан бастап Жаӊажол көшесіне дейін оӊ бағыттағы жол жабылады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жол жөндеу жұмыстары кезінде аталмыш көшелерде жүргізушілер назарына арнайы белгілер орнатылады.

Астана қаласыныӊ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы уақытты тиімді пайдалану мақсатында осы хабарламаны ескеріп, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны