27.04.2015, 23:01 3964

Жөндеу жұмыстарына байланысты елорданыӊ бірқатар көшелері жабылады

Астана қаласыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасы "Инженерлік жүйелер мен А, Б "Слободка" ауданындағы Кенесары - Күмісбеков - Бөгенбай батыр - Сарыарқа көшелерініӊ бойында жол құрылысы" жобасы жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлайды

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасы "Инженерлік жүйелер мен А, Б "Слободка" ауданындағы Кенесары - Күмісбеков - Бөгенбай батыр - Сарыарқа көшелерініӊ бойында жол құрылысы" жобасы жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған байланысты 27 сәуірден бастап келесі учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі:

Иуеззов көшесініӊ қиылысы, Жангельдин көшесінен Кубрин көшесіне дейін;

Кубрин көшесі, Иуезов қиылысынан Сарыарқа даӊғылына дейін.

Ішкі аула жолдарын салу барысында су құбырларын тарту, жауын-шашын канализацияларын орнату, жылу магистральдары құрылысы, түнгі жарықтандыру мен аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Аталған аумақтардағы жол қозғалысы жоспар бойынша 1 шілдеде ашылады.

Жүргізушілер назарына тиісті белгілер орнатылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны