02.02.2018, 13:51 7742

Жуырда уақытша тіркеу мерзімін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, SMS арқылы ұзартуға болады

Уақытша тіркелу мерзімініӊ аяқталуына бір күн қалғанда, азаматтыӊ телефонына хабарлама келіп, мерзімді SMS арқылы ұзартуға болатыны туралы ескертіледі. Қызмет алушы тіркеуді ұзартуды қаласа, хабарламада көрсетілген кодты жолдау арқылы келісімін растауы тиіс.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Жуырда уақытша тіркеу мерзімін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, SMS арқылы ұзартуға болады. ҚР ІІМ-мен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудіӊ проактивті тәсілдерін кеӊейту мақсатында жаӊа сервис іске қосылды. Мұндай шешім вице-премьер Асқар Жұмағалиевтіӊ төрағалығымен өткен отырыс барысында қабылданды.

Уақытша тіркелу мерзімініӊ аяқталуына бір күн қалғанда, азаматтыӊ телефонына хабарлама келіп, мерзімді SMS арқылы ұзартуға болатыны туралы ескертіледі. Қызмет алушы тіркеуді ұзартуды қаласа, хабарламада көрсетілген кодты жолдау арқылы келісімін растауы тиіс. Сондай-ақ, пәтер иесіне де SMS-хабарлама жолданады. Нәтижесінде, деректер базасындағы меншік құқығы расталса, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу автоматы түрде ұзартылады.

Ескеретін жайт, проактивті қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу, яғни азаматтыӊ жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинете немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асыруға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны