30.07.2015, 18:49 4254

Жүк вагондары жолдан шығып кетті

Шілденіӊ 30-ында 15 сағат 20 минутта Ақтөбе темір жол бөлімшесініӊ Қандыағаш- Жем теліміндегі Құдық-Жем қума жолында №2908 жүк пойызыныӊ 20 вагоны жолдан шығып кетті. Соныӊ салдарынан 6 вагон өртене бастады

Астана. 30 Шілде. Kazakhstan Today - Шілденіӊ 30-ында 15 сағат 20 минутта Ақтөбе темір жол бөлімшесініӊ Қандыағаш- Жем теліміндегі Құдық-Жем қума жолында №2908 жүк пойызыныӊ 20 вагоны жолдан шығып кетті. Соныӊ салдарынан 6 вагон өртене бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Апат салдарын жоюға қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары дер кезінде кірісті. Өрт 18 сағат 10 минутта өшірілді.

Аталмыш жол теліміндегі сапасын тексеру жұмыстары 2015 жылғы шілденіӊ 17-сінде өткізіліп, оған "үздік" баға қойылған болатын.

Апаттыӊ себеп салдарын тексеру мақсатында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны