25.05.2012, 01:25 2999

Жұма күні еліміздің көптеген аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуінен 25 мамыр күні кейбір жерлерде екпінді желі бар найзағайлы жаңбырлар күтілуде.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Жұма күні еліміздің көптеген аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуінен 25 мамыр күні кейбір жерлерде екпінді желі бар найзағайлы жаңбырлар күтілуде.

Республиканың тек оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атырау, күндіз Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін соғуы, шаңды дауылдың орын алуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін соғуы күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ түсуі мүмкін. Атырау облысында кейбір жерлерде күн 36 градусқа дейін ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде өрттің төтенше жоғары қауіптілігі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны