13.04.2012, 11:14 3751

Жұма күні Қазақстанның басым аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, жұма, 13 сәуір күні Қазақстанның солтүстігі мен орталық аймақтарында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, соған сәйкес жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың қалған аймақтарында антициклонның ықпал етуімен ауа райы жылы, елдің батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде ыстық болады.

Астана. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Жұма күні Қазақстанның басым аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, жұма, 13 сәуір күні Қазақстанның солтүстігі мен орталық аймақтарында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, соған сәйкес жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың қалған аймақтарында антициклонның ықпал етуімен ауа райы жылы, елдің батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде ыстық болады.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады деп болжануда.

Алматы облысында, Жалаңашкөл стансасы маңында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны