30.12.2011, 11:22 3682

Жұма күні Қазақстанның басым аумағында боран соғып, қар жауады

Дауыл мен бұрқасынға байланысты Қазақстанның басым аумағында 30 желтоқсанға дауылдық ескерту жарияланған.

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жұма күні Қазақстанның басым аумағында боран соғып, қар жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлауынша, дауыл мен бұрқасынға байланысты Қазақстанның басым аумағында 30 желтоқсанға дауылдық ескерту жарияланған.

Метеоқызметтің сайтында хабарланғандай, Ақмола облысында кей жерлерінде қар жауады, оңтүстік-батыстан соққан жел 18-23 м/с болады, кей жерлерінде екпіні 28 м/с болады, ауа температурасы -5-13 градус. Солтүстік-Қазақстан облысында аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы -10-15. Павлодар облысында қар жауады, бұрқасындатады, кей жерлерінде қатты боран соғады, батыстан 17-22 м/с жел тұрып, екпіні 27 м/с болады, ауа температурасы -5-7 болады. Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, желдің жылдамдығы 18 м/с, кей жерлерінде 15-20 м/с, ауа температурасы -7-10 градус.

Жамбыл облысында қар жауады, кей жерлерінде желдің екпіні 30-33 м/с, ауа температурасы -8+1, Оңтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кейде желдің жылдамдығы 26 м/с, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, ауа температурасы -3-6 градус.

Қарағанды облысында бұрқасын, 15-20 м/с жел соғып, кей жерлерінде 14-19 м/с, кей жерлерінде 16-21 м/с болып, ауа темпаратурасы -8-11. Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерінде бұрқасындатып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерінде 17-22 м/с болып, ауа температурасы -9 градус болады.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде қар жауып, сырма үріп, түнде желдің екпіні 15-20 м/с болып, ауа температурасы -2-5 болады. Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, күндіз желдің жылдамдығы арта түседі, ауа температурасы +3+7 болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны