01.02.2013, 09:39 3277

Жұма күні Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады

Атырау, Маңғыстау облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с, Жамбыл облысында 25 м/с дейін жетеді.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, жұма, 1 ақпан күні Қазақстанның басым аумағы циклон аумағында болды, соған байланысты қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау, Маңғыстау облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с, Жамбыл облысында 25 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысында, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғады, жел күші 15-20 м/с жетіп, тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны