12.09.2012, 16:28 3565

Жұмағұлов қазақстандық білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын атады

Қазақстандық білім беру жүйесі екі негізгі бағыт бойынша дамитын болады. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталындағы онлайн-конференция барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлады.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - Жұмағұлов қазақстандық білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандық білім беру жүйесі екі негізгі бағыт бойынша дамитын болады. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталындағы онлайн-конференция барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлады.

"Білім беру жүйесін не күтіп тұр? Барлық білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасы күшейтіліп, нығайтылады және білім сапасы жақсарады", - деді Жұмағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда білім беру мекемелерін заманауи жабдықтармен қамту, сондай-ақ оқушылардың білімін бағалау жүйесін жетілдіру және өңірлердегі білімге "теңдей" көңіл бөлуге мүмкіндік беретін білім сапасын бақылау маңызды фактор болып отыр.

Министр қазірдің өзінде Мемлекет басшысы Назарбаев Университетіндегі интерактивті лекциясы барысында ұсынған білім беруді жаңғырту бағдарламасы белсенді түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны