03.05.2016, 10:33 4387

Жұмысқа қабілеттілігінен айырылған жағдайда МИСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 53,7 есеге өсті - ҚР ДСИДМ

"2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МИСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 1 мыӊ 302 адамнан 69 мыӊ 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өсті"

Астана. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Соӊғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МИСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 50 еседен астам өсті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МИСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 1 мыӊ 302 адамнан 69 мыӊ 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өсті", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оған қоса, асыраушысынан айырылу жағдайына қарай жәрдемақы алатын адамдар саны 549-дан 31 135 адамға дейін 56,7 есеге өсті, жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алушылар 3258 есеге ұлғайды (8 мыӊнан 26 мыӊ 70 адамға дейін).

Ведомствода айтып өткендей, 2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаӊа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланыӊ күтіміне байланысты МИСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді.

Сонымен, 8 жылдыӊ ішінде жүктілік пен босануға, жаӊа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақыны алушылар саны 1,9 есеге өсіп, 2015 жылы 173,2 адамды құрады (2005 жылы - 89,3 мыӊ адам), 1 жасқа дейінгі баланыӊ күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы алушы азаматтар саны - 2,4 есеге (83 мыӊ 600-ден 201 мыӊ 294 адамға дейін) ұлғайды.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудыӊ қосымша формасы ретінде енгізілген. ҚР ДСИДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны