26.02.2018, 17:07 4549

Жұмыспен қамту агенттіктердіӊ жұмысын қайта қарау қажет

Қазақстанда 320 жұмыспен қамтудыӊ жеке агенттігі жұмыс істейді, оныӊ ішінде 50-ден астам агенттік жұмыспен қамту бойынша ресми есептер тапсырып отырады. Есептерге сәйкес бұл агенттіктерге шамамен 22 мыӊ адам өтінім жасаған, шамамен 5 мыӊ адам жұмыспен қамтылған

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Жұмысқа орналастыру мен халықты қайта оқыту үдерісіне Жұмыспен қамту агенттіктері мен оқу орталықтарын тарту бұл үдерісті анағұрлым тиімді етеді.

Осындай пікірді "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Парламенті Мәжілісініӊ пленарлық отырысында айтты.

Жұмыспен қамту агенттіктердіӊ жұмысын қайта қарап, жеке агенттіктерге арнап аутсорсинг жүргізу арқылы мемлекеттік органдар жұмысын, сондай-ақ жеке құрылымдардыӊ да қызметін салыстыруға мүмкіндік туады. Осындай тәжірибе ЭЫДҰ дамыған елдерінде бар. Австралияда жұмыспен қамту үдерісі толығымен жеке агенттіктерге аутсорсингке берілген. Уақыт өте келе бұл үдеріс тиімділікті бағалауға, салыстыруға жол ашады және өкілетті органдар қаржы ағынын сәйкесінше басқарып отыратын болады", - деді Абылай Мырзахметов.

ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Ибілқасымованыӊ мәліметтері бойынша бүгінгі таӊда Қазақстанда 320 жұмыспен қамтудыӊ жеке агенттігі жұмыс істейді, оныӊ ішінде 50-ден астам агенттік жұмыспен қамту бойынша ресми есептер тапсырып отырады. Есептерге сәйкес бұл агенттіктерге шамамен 22 мыӊ адам өтінім жасаған, шамамен 5 мыӊ адам жұмыспен қамтылған.

"Жеке агенттіктердіӊ бұл үдеріске атсалысуы бүкіл нарық бойынша деректер жинап, тиміді жұмыспен қамтудыӊ толық ахуалын білуге жол ашады деп ойлаймын", - деді Мадина Ибілқасымова.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеӊберінде былтыр оқыту үдерісіне жеке оқу орталықтары да тартылған болатын. "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ айтуынша бұл өз тиімділігін көрсеткен.

"Біз депутаттардыӊ бұл салада білікті талаптар болуы қажет деген ойымен келісеміз. "Атамекен" тізілімде 100-ге жуық оқу орталығы бар, олардыӊ белсенділігі күннен күнге артып, орталықтар 6 айлық курстар аясында 4000 астам жұмыссызды оқытып, дайындады. Жеке нарықтыӊ қатысуы тиімділігін арттырып келеді. Біздіӊ ойымызша бұл жайт жұмыспен қамту нарығына оӊ әсер етеді",- деді Абылай Мырзахметов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны