Система Orphus

"Жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында Қызылорда облысының тұрғыны жаңа мамандыққа ие болды

17.05.2012, 16:10 1233

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Қызылорда қаласында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушы Айгүл Ибдірахманова газбен дәнекерлеуші мамандығына ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен газ-электр дәнекерлеуші курсын таңдау себебім, қазір бұл мамандық үлкен сұранысқа ие. Себебі осы мамандық бойынша оқып жүрген кездің өзінде жұмыс берушілер дәнекерлеушілерді жұмысқа алуға кезекке тұратын" - дейді Айгүл Ибдірахманова.

Оған қоса, Айгүл "Үздік маман" байқауында жеңімпаз деп танылды.

"Үздік маман" конкурсына қатысқаннан кейін маған осы кәсіпті игергісі келетін жас қыздарға тәлімгер болу туралы ұсыныс жасалды",- дейді Айгүл.

Қызылорда облысында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 25 мамандық бойынша оқу курстары жүргізілуде. Сұранысқа ие курстардың ішінде фермерлік, тігіншілік, аспазшылық бөлімдер бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны