27.03.2012, 12:54 3463

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша шағын кредиттеу шығындары 12 млрд теңгеге ұлғайтылды

"Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мәселесі бойынша (бағдарламаның екінші бағыты) шағын кредиттеу шығындары 3,5 есеге - 3,5-тен 12 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды", - деді Г.Ибдіқалықова.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша шағын кредиттеу шығындары 12 млрд теңгеге ұлғайтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мәселесі бойынша (бағдарламаның екінші бағыты) шағын кредиттеу шығындары 3,5 есеге - 3,5-тен 12 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды", - деді Г.Ибдіқалықова.

Министр шағын кредиттеу шеңберін аудандық маңыздағы қалалар мен қала тиіпті ауылдар тұрғындарына да кеңейтуді ұсынды.

"Бағдарлама шеңберінде шағын кредиттеуді ауыл тұрғындарынан бөлек, аудандық маңыздағы қала мен қала типті ауыл тұрғындарына да кеңейту ұсынылып отыр", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны