16.11.2012, 17:58 3110

Жұмыспен қамту бағдарламасына 90 мыңнан астам адам қатысуда

2012 жылдың 9 айы ішінде 91,2 мың адам "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - Жұмыспен қамту бағдарламасына 90 мыңнан астам адам қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 9 айы ішінде 91,2 мың адам "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Жұмыспен қамту орталықтарының шешімі бойынша 91,2 мың адам бағдарлама қатысушыларының құрамына тіркеліп, олармен әлеуметтік келісім шарттар жасалған", - делінген ведомство хабарламасында.

Илеуметтік келісім шарт жасасқан бағдарлама қатысушыларының ішінде 62 202 адам жұмыссыз, 22928 адам өзін-өзі қамтамасыз ететін жандар болса, 5526 адам аз қамтылған және 518 адам еңбекпен жартылай қамтылған жалдамалы жұмыскерлер санатына жатады.

Бірінші бағыт бойынша 61 025 адам оқуға тартылған. 48 075 адам кәсіби даярлық курстарына, 10 874 адам қайта даярлауға, 2 076 адам біліктілігін көтеруге жіберілген. Қазіргі кезде оқуын аяқтаған 24 181 адамның 18 491-і жұмысқа орналастырылды.

Бұдан басқа, жұмыссыздар санатындағы 25 870 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 22 258 адам жастар практикасына жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша, өткен мерзім ішінде кәсіпкерлік негізін 5 574 адам оқып-үйреніп, 4 702 адам шағын несие алды, 3 487 адам өз істерін ашты.

Үшінші бағыт бойынша 497 үйдің құрылысы аяқталып, 366 үйге, яғни пайдалануға берілген тұрғын үйдің 74,9% адамдар қоныстанды. Көшіп келген отбасыларына 45,7 млн теңге сомасындағы көшу субсидиясы төленді.

Сонымен қатар, төртінші бағыт бойынша ауылдық жерлерде 7,1 мыңдай жұмыс орындары құрылып, оған 6 919 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 4 106 - бағдарлама қатысушылары.

ҚР Статистика агенттігінің алдын-ала мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, елдегі жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 5,8 %-тен 2012 жылғы үшінші тоқсанда 5,2 %-ке дейін төмендеген. Жұмыспен қамтылғандар саны 396 мың адамға артып, 8,540 млн адамды құраған.

Естеріңізге сала кетейік, халықты жұмыспен қамту ҚР Үкіметінің ең маңызды басым бағыттарының бірі болып табылады. 2012 жылға Жолдауында Мемлекет басшысы кең көлемді "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны