23.07.2012, 13:46 3049

Жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына 110 мың адам қатысты

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Гүлшара Ибдіқалықова айтты.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына 110 мың адам қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Гүлшара Ибдіқалықова айтты.

Бұл ретте бағдарламаға қатысуға 110 мың адамның ниет танытқандығын баса айтқан министр: "Илеуметтік келісімшарт жасасқандардың 66,7 пайызы - жұмыссыздар, 29,2 пайызы өзіні өзі жұмыспен қамтығандар және 4,5 пайызы әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар. Бағдарламаға қатысушылардың жартысынан астамы (57 пайызы немесе 63 мың адам) 29 жасқа дейінгі жастар", -деді.

Сонымен қатар Г.Ибдіқалықованың атап өтуінше, бағдарламаны жүзеге асыруға шамамен 100 млрд. теңге бөлінген. Бюджет қаражатының жартысынан астамы қазірдің өзінде толығымен игерілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны