15.09.2015, 16:33 4502

Жұмыспен қамтудыӊ кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 269 мыӊ адам жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда жұмыспен қамтудыӊ кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 269 мыӊ адам жұмысқа орналастырылды, ол жылдық көрсеткіштіӊ 80%-дан астамын құрап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ "Халықты жұмыспен қамту шаралары туралы" тақырыбында өткен брифингінде "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ныӊ президенті Дәулет Арғындықов мәлімдеді

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда жұмыспен қамтудыӊ кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 269 мыӊ адам жұмысқа орналастырылды, ол жылдық көрсеткіштіӊ 80%-дан астамын құрап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ "Халықты жұмыспен қамту шаралары туралы" тақырыбында өткен брифингінде "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ныӊ президенті Дәулет Арғындықов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол Қазақстанда ағымдағы жылдыӊ 2 тоқсанындағы жұмыссыздық деӊгейініӊ көрсеткіші экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда 5%-ды құрап отырғанын мәлімдеді. Жұмыссыздар саны 448,5 мыӊ адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 мыӊ адамға немесе 0,7%-ға төмендеді.

Халықаралық еӊбек ұйымыныӊ бағалауынша, әлемдегі жұмыссыздық деӊгейі 5,9%-ды құрап отыр. Бұл 200 млн. астам адам жұмысқа орналаса алмай жүр деген сөз. ЕУРОСТАТ мәліметінше, Еуропадағы жұмыссыздық деӊгейі ағымдағы жылдыӊ шілдесінде 9,5%-ды құрады. Жалпы алғанда, биылғы жылы ЭЫДҰ елдеріндегі бұл көрсеткіш 6,9% болады деген болжам бар.

"Қазақстан халықаралық экономиканыӊ мүшесі бола отырып, әлемдегі болып жатқан жағымсыз процестердіӊ ықпалынан шет қала алмады. Сондықтан ағымдағы жағдайда еӊбек нарығы қызметкерлерді қысқарту қаупін жоққа шығармайды. Дегенмен, бұл қандай да болсын жалпы үрдіс деп айтуға келмейді. Өзіндік проблемалары бар кәсіпорындар бар. Осы тұрғыда халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды үйлестіру және жұмыссыздық өсімін болдырмау мақсатында белгілі бір әрекеттер алгоритмі жүзеге асырылуда", - деді Дәулет Арғындықов.

Бірінші - өндіріс жұмысын тоқтатпау және қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу. Бұл бағытта ҚР ДСИДМ мамандары аймақтық әкімдермен бірлесе отырып тұрақты түрде қаланы құраушы ірі өндіріс орындарына мониторинг жасайды. Бұл орын алған мәселелер бойынша шұғыл түрде шара қолдануға мүмкіндік береді. Оныӊ ішінде жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қызметкерлерді толық емес жұмыс аптасына ауыстыру, қысқартылған жұмыс уақытын қолдану, уақытша өзге жұмысқа орналастыру және т.б. сияқты шаралар қолданылады. Жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында Астана, Алматы және облыс әкімдіктерініӊ, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардыӊ арасында 71 мыӊнан астам меморандумға қол қойылды.

Екінші - 322 мыӊ адамды қамту жоспарланған аймақтық жұмыспен қамтудыӊ кешенді шараларын жүзеге асыру. Бұл жоспарлар бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыру Жұмыспен қамту жол картасы, "Нұрлы жол" бағдарламасы, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және өзге де мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясындағы жобалар арқылы жүзеге асырылуда.

"Бүгінгі таӊда 269 мыӊ адам жұмыспен қамтылды (жылдық жоспарланған көрсеткіштіӊ 80-нен астам пайызы), оныӊ ішінде тұрақты жұмыс орнына 172 мыӊ адам орналастырылды", - деп хабарлады ҚР ДСИДМ "ЖҚП АТО" президенті.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы аясында кәсіптік оқуға, жеке ісін ашуға, субсидияланған жұмыс орындары мен жастар практикасынан өтуге ниет білдірген жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, азаматтарды экономикалық әлеуеті төмен мекендерден еӊбек ресурстарына сұранысы бар перспективалы аймақтарға қоныс аударуға жәрдем көрсетіледі.

Илемдік еӊбек нарығындағы болжамдарды айта келе, Дәулет Арғындықов жуырдағы 5 жыл ішінде жаӊа жұмыс орындарыныӊ негізгі бөлігі жеке сектордағы қызмет көрсету саласында құрылатынын айтты. Индіріс секторындағы жұмыскерлердіӊ саны онжылдықтыӊ соӊына қарай 12%-ға төмендейді.

"Егер Қазақстандағы еӊбек нарығын дамыту туралы айтар болсақ, қазіргі таӊдағы беталысты ескере отырып, 2020 жылға дейін еӊбекке деген сұраныстыӊ орташа жылдық өсімі 1,5% көрсеткішті құрайтын болады. 2016 жылы еӊбек сұранысы 124 мыӊ адамды құрайды, 2020 жылы 163 мыӊға дейін өседі", - деді ҚР ДСИДМ "ЖҚП АТО" президенті.

Дәулет Арғындықовтыӊ айтуынша, мұғалімдерге, денсаулық сақтау мамандарына, орта медициналық қызметкерлерге, сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру ұйымдары қызметкерлеріне, орта әкімшілік-басқару қызметшілерге деген сұраныс артады.

Болжамдық мәліметтерде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе өткізілген қысқа мерзімге арналған кадрлар қажеттілігін анықтау сауалнамасы ескерілді. Барлық аймақтардыӊ мыӊдаған жұмыс берушілері мен бірқатар қызмет саласыныӊ арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде алынған мәліметтер макроболжамдармен сәйкес келеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны