08.12.2016, 10:50 3761

"Жүректерге жаӊа ғұмыр сыйлаған" фильмі Катманду қаласында көрсетіледі

Гималай Ассоциациясыныӊ (Himal Association) ұйымдастыруымен Катманду қаласында жыл сайын өтетін Халықаралық кинофестиваль 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл фестиваль шеӊберінде Германия, Қытай, Франция, Үндістан, Түркия, АҚШ, Корей сынды мемлекеттердіӊ 80-ге жуық фильмдері көрсетіледі.

Алматы. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Алматыфильм" ЖШС қатысуымен жарыққа шығарған "Жүректерге жаӊа ғұмыр сыйлаған" деректі фильмі желтоқсанныӊ 8-і мен 12-і аралығында Непалдыӊ Катманду қаласында өтетін 14-ші Халықаралық кинофестивальдіӊ байқаудан тыс бағдарламасында көрсетіледі,- деп хабарлайды киностудия.

Фильмніӊ режиссері Оӊдасын Тастанов.

Деректі фильм халықаралық деӊгейлі үздік кардиохирургтердіӊ бірі - медицина ғылымдарыныӊ докторы Юрий Пяныӊ қызметі және оныӊ алғашқы науқастары туралы сыр шертеді.

"Юрий Пя - хирург болуға жаратылған адам. Фильмге оныӊ біліктілігі туралы айтатын әріптестері мен өмірін сақтап қалған науқас жандар қатысқан. Бұл фильм шетелде көрсетілетініне қуаныштымын", - деді фильмніӊ режиссері Оӊдасын Тастанов.

Гималай Ассоциациясыныӊ (Himal Association) ұйымдастыруымен Катманду қаласында жыл сайын өтетін Халықаралық кинофестиваль 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл фестиваль шеӊберінде Германия, Қытай, Франция, Үндістан, Түркия, АҚШ, Корей сынды мемлекеттердіӊ 80-ге жуық фильмдері көрсетіледі.

Фильм туралы: "Жүректерге жаӊа ғұмыр сыйлаған" атты деректі фильм халықаралық деӊгейлі үздік кардиохирургтердіӊ бірі - медицина ғылымдарыныӊ докторы, ҚР Еӊбек және денсаулық сақтау министрлігініӊ штаттан тыс бас кардиохирургі Юрий Пяныӊ қызметі және оныӊ алғашқы науқастары туралы. Юрий Пя Қазақстанда кардиохирургиялық жәрдем қызметін жолға қою және дамытуға қомақты үлес қосты, соныӊ ұсынуымен ондаған науқастардыӊ өмірін сақтап қалған жаӊа озық медициналық технологияларды енгізу мүмкін болды.

Режиссері: Оӊдасын Тастанов

Сценарий авторы: Злиха Шымырова

Операторы: Мейрам Дәлелхан

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны