13.02.2012, 11:23 3728

Жүргізілген сараптау нәтижесі Хьюстонның өкпесінде су бар екендігін анықтады

Иншінің өкпесінде судың жиналып қалуы ол ұйықтап немесе есінен танып қалу салдарынан суға толы ваннада тұншығып өлді деген болжамға дәлел бола алады.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Жүргізілген сараптау нәтижесі Хьюстонның өкпесінде су бар екендігін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Bnews.kz ақпараттық агенттігінің ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, әншінің өкпесінде судың жиналып қалуы ол ұйықтап немесе есінен танып қалу салдарынан суға толы ваннада тұншығып өлді деген болжамға дәлел бола алады.

Сараптау жүргізген патологоанатомшылар әншінің өкпесіне жиналған су көлемін анықтау үстінде. Оның көрсеткіші әнші өлімінің себебін анықтауда шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Соған қарамастан тергеушілер Хьюстонның суға түскенге дейін немесе кейін қаза болуына байланысты нақты мәлімет бере алмай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны