26.10.2015, 15:05 6708

Журналист Бота Жұманованы соққыға жыққан күдікті кінәсін мойындап түсініктеме берді

Алматы полициясы Бота Жұманованы ұрды деген күдіктіні ұстады. 22 жастағы жігіт ІІД уақытша ұстау абақтысына жабылды,

Алматы. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Алматы полициясы Бота Жұманованы ұрды деген күдіктіні ұстады. 22 жастағы жігіт ІІД уақытша ұстау абақтысына жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ер адамныӊ берген түсініктемесіне сәйкес, ол журналистке тонау мақсатымен шабуыл жасаған.

Алайда, оныӊ айтуынша, қылмыстық мақсатын соӊына дейін жүзеге асыруға Бота Жұманованыӊ айқайлаған дауысына елеӊ еткен көршілері кедергі жасапты, деп хабарлайды Алматы ІІД, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Күдіктініӊ айтқан сөздері сотқа дейінгі тергеу кезінде тексерілетін болады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қылмыс жасауға себеп болуы мүмкін басқа да мысалдарды жұмысқа алады.

Қазіргі уақытта тергеу қылмыстық істі ҚР ҚК 191-бабыныӊ 2-бөлігіне ауыстыру жайын қарастырып жатыр.

Бота Жұмановаға шабуыл жасалып жатқан видео желіге 10 қазанда тарады. Онда белгісіз жігіт Бота Жұманованы үйіне кіреберісте күтіп тұрып, қыз жақындаған сәтте ұрып-соққаны түсірілген. Қазір журналист ауруханадан шығып, үйіне жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны