30.12.2009, 15:18 2785

Журналист Геннадий Павлюкті өлтіруге Қырғызстанның қарсы барлау қызметкерлерінің қатысы бар - телеарна

Журналист Геннадий Павлюкті өлтіруге Қырғызстанның қарсы барлау қызметкерлерінің қатысы бар - телеарна

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қырғызстандағы намыла журналист Геннадий Павлюкті өлтіруге Қырғызстанның қарсы барлау қызметі қызметкерлерінің қатысы бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Бұл туралы күш құрылымдарындағы ақпарат көздерінен мәлім болды. Олардың хабарлауынша, Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің үш қызметкері журналисті кездесуге шақырып, кісі өлтіру оқиғасы болған пәтерде онымен бірге болған", - деп хабарлайды телеарна.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, көршілес мемлекеттің құқық қорғау органдары Қазақстандық тергеушілерге көмек көрсетуде сылбырлық танытуда.

Ал Қырғызстанның 24.kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстанның ІІМ "Қазақстанның ІІМ тарапынан Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысы бар күдіктілердің аты-жөнін анықтауға көмек көрсету жөнінде ешбір өтініш келіп түскен жоқ" деп мәлімдеуде.

"Қазақстанның ІІМ тарапынан Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысы бар күдіктілердің аты-жөнін анықтауға немесе тергеулер жүргізуге көмек көрсету жөнінде ешқандай да өтініш келіп түскен жоқ ", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында Қырғызстанның ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Сабырбек Курманалиев.

Оның айтуынша, Қырғызстан милициясы Алматылық полициямен байланыста жұмыс істеуде. Олар белгілі бір тұлғаларды күдікті деп танып отыр. Алайда, оған кім кіретіні туралы Қырғызстанның ІІМ-дегілер "әзірге ештеңе айта алмайды". Күдіктілер - Қырғызстан азаматтары екендігі туралы ресми растау келіп түскен жоқ, деді орынбасар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, полиция Алматыда қырғыз журналисі Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысы бар Қырғызстан азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ хабарламасына сілтеме жасап.

"Алматыда осы жылдың 16 желтоқсанында Қырғыз Республикасының азаматы Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысты жүргізілген жедел тергеу шараларының нәтижесінде ҚР ІІМ осы қылмысқа қатысы бар Қырғызстанның бірнеше азаматын анықтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар жөніндегі Кишинев конвенциясына сәйкес, бұған дейін қозғалған қылмыстық іс аясында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстық істі одан әрі тергеу және әділеттілік орнатылуы үшін Қырғыз жағының құқық қорғау органдарына қылмысқа қатысты жиналған материалдар мен дәлелдерді беру мәселесі шешілу үстінде", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада жатқан қырғыз журналисі, "Белый пароход" газетінің негізін қалаушы Геннадий Павлюк 22 желтоқсанда қайтыс болды.

Изірге себебі белгісіз жағдайда ол Алматыға келген жерінен Фурманов көшесіндегі бір тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлаған. Ауыр жарақат алған журналист үйдің кіреберісінің жанынан табылған. Ол Алматыдағы орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған көп жерінен қабырғалары сынған және басынан жарақаттанған деген диагноз қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны