26.03.2010, 15:24 3638

Журналист қызды соққыға жыққан сот үкімін орындаушылардың іс-әрекетіне Марат Бейсембеков есімді азамат басшылық жасаған

Журналист қызды соққыға жыққан сот үкімін орындаушылардың іс-әрекетіне Марат Бейсембеков есімді азамат басшылық жасаған

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "31 арнаның" журналисі Жұлдыз Төлеуді соққыға жыққан сот үкімін орындаушылардың іс-әрекетіне Марат Бейсембеков есімді азамат басшылық жасаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Иділ сөз" қоғамдық бірлестігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан парламентінің жатақханасының ғимаратында сот үкімін орындаушылар "31 арнаның" журналисі Жұлдыз Төлеуді соққыға жыққан. Сондай-ақ, осы арнаның телетүсірушісі Бауыржан Смағұловқа да шабуыл жасалды.

"Журналистер анықтағандай, сот үкімін орындаушылардың іс-әрекетіне Марат Бейсембеков есімді азамат басшылық жасаған. Оның лауазымы қандай екенін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр", - делінген "Иділ сөз" хабарламасында.

"31 арнаның" басшылығы прокуратура мен Астана қалалық соттар әкімшілігінен бұл оқиғаның мән-жайын анықтауды және кінәлі тұлғаларды жазалауды талап етіп шағым түсірмекші", - делінген хабарламада.

"Иділ сөз" хабарламасына сәйкес, түсіруші топқа жасалған шабуылды оқиға куәгерлері ұялы телефон камерасына түсіріп алған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ақтоқты Түсіп есімді азаматшаны парламенттің жатақханасынан шығару барысына бейнетүсірілім жасап жүргенде "31 арнаның" журналисі мен телетүсірушісіне сот үкімін орындаушылар дүрсе қоя берген. "Менің қолымды бұрап, кофтамды жыртты, менің куәлігімді тартып алды. Ал телетүсірушіге оқиғаны түсіріп алғаны үшін шабуылдады, тіпті камераны сындырып, кассетаны тартып алуға талпынды", - дейді Ж. Төлеу.

Оның айтуынша, бұл оқиғаға байланысты "31 арнаның" заңгерлері осы дерек бойынша құқық қорғау органдарына шағым түсіруге дайындалып жатыр.

Еске сала кетейік, бұл қызметтік міндетін атқарып жүрген журналистерге шабуыл жасауға қатысты биылғы бірінші оқиға емес. Ағымдағы жылдың 18 наурызында Алматыдағы ет комбинатында шыққан өртті түсіріп жүрген "Таң" телеарнасының бейнетүсірушісі соққыға жығылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны