24.12.2012, 18:33 2750

Журналист Тоқберген Ибиев із-түссіз жоғалып кетті

Дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Қазақстан Журналистер одағы басшысы Сейітқазы Матаев "Заң және әділ сот" қазақстандық БАҚ альянсы" баспасөз клубы жетекшісі Т.Ибиев желтоқсанның 20-сында жоғалған.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жуырда жемқорлық фактілерін әшкерелеу мақсатында баспасөз мәслихатын өткізбек болған журналист Тоқберген Ибиев жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Қазақстан Журналистер одағы басшысы Сейітқазы Матаев "Заң және әділ сот" қазақстандық БАҚ альянсы" баспасөз клубы жетекшісі Т.Ибиев желтоқсанның 20-сында жоғалған.

"Сол күні ол елордалық журналистерге: "Құрметті әріптестер, ертең, 21-желтоқсан күні сағат 12-де ақырзаманның орнына "Жемққор түрмеде отыру керек" деген тақырыппен сенсациялық баспасөз мәслихаты өтеді. Келіңіздер, өкінбейсіздер" деген смс-хат жолдаған болатын", - дейді С.Матаев.

Оның айтуынша, сол күні кешкі сағат 21:00-де Т.Ибиев дайындаламын деп баспасөз клубына кеткен көрінеді.

"Кеңседен сағат 22:00-де шыққан. Баспасөз клубы қызметкері Андрей Тарановтың айтуынша, Тоқберген әріптесінің ноутбугын сұрап алған. Қазір қайтып оралатынын айтып, одан күте тұруын өтінген", - дейді С.Матаев.

Содан бері Т.Ибиевті ешкім көрмеген.

Ал, "Иділ сөз" қоры басшысы Тамара Калееваның айтуынша, Т.Ибиевтің зайыбы Астана ІІД-не өтініш берген.

"Екі күн ішінде табылмаса қылмыстық іс қозғалады", - деп атап өтті Т.Калеева.

Иріптестері болса мұны журналистің қызметімен және желтоқсанның 21-інде өтуі тиіс болған баспасөз мәслихатымен байланыстырып отыр, дейді Т.Калеева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны