24.08.2015, 13:18 3296

Журналистер арасындағы "Искери дискурс" семинарында алғаш рет арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ даярлық бағдарламасы бойынша оқытты

Қарағанды облысы "Спасск" оқу-жаттығу орталығында ҚР Қорғаныс министрлігініӊ басшылығымен өткізген "Искери дискурс" журналистерге арналған екінші практикалық семинары мәресіне жетті. Бұл іс-шара Алматы мен Астанадан барлығы 40 тілшініӊ, фотографтыӊ және оператордыӊ басын біріктірді. Семинар оқиғаға толы болды және республикалық БАҚ-тыӊ жетекші журналистері үшін жаӊа мүмкіндіктер ашты

Астана. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы "Спасск" оқу-жаттығу орталығында ҚР Қорғаныс министрлігініӊ басшылығымен өткізген "Искери дискурс" журналистерге арналған екінші практикалық семинары мәресіне жетті. Бұл іс-шара Алматы мен Астанадан барлығы 40 тілшініӊ, фотографтыӊ және оператордыӊ басын біріктірді. Семинар оқиғаға толы болды және республикалық БАҚ-тыӊ жетекші журналистері үшін жаӊа мүмкіндіктер ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үш күндік оқытудыӊ қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов семинарға барлық қатысушыларды наградтады. Қарулы қақтығыс, экстремалды жағдай аумағында жұмыстардыӊ ерекшелігі туралы білетін тілшілер өткен іс-шараны жоғары бағалады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Бәрініӊ сапалы жасалғаны таӊ қалдырды. Арнайы мақсаттағылардыӊ, бізбен жұмыс жасаған нұсқаушылардыӊ, баспасөз қызметініӊ кәсібилігін атап өткіміз келеді, өйткені ауқымды жұмыс атқарылғаны байқалып тұр. Мен семинар әрі қарай жалғасын тауып, алда оныӊ сценарийі бұдан да қызықты болатынына және барынша шындыққа сай келтірілген жағдай журналистердіӊ даярлық деӊгейінен көрінеді деп ойлаймын", - деді семинарға қатысушы газет журналисті Руслан Ескендір.

Осы орайда 10-нан аса тәжірибелі әскери нұсқаушылар семинарға қатысушыларға әскери іс-қимыл ауданында жұмыс жасаудыӊ, әскери оқиғаларды таратудыӊ, кейбір қару және жарылғыш заттар түрлерініӊ іс-қимыл ерекшеліктерініӊ, артиллерия мен граната атқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары және жүргізу ережелерініӊ, сондай-ақ миналанған даладан өту әдістерініӊ мен психологиялық даярлық ерекшеліктерініӊ қағидаларын және оны үйретуге көмектесті.

"Қауіпті аймақтарда жұмыс істегісі келгендерге бұл семинардыӊ беретін тәлімі мол. Дегенмен біз атыстар, тұтқынға алу - бұлардыӊ барлығы сахналанған қойылым екенін жақсы түсіндік, "Бізге осы қажет пе?" деген ой келді. Журналистер көптеген сұрақтардыӊ жауабын тапты, олар дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын", - деді семинарға қатысушы тілші Тимур Сандыбаев.

"Искери дискурс" семинары Қазақстанда екінші рет өткізіліп отырғанын және болашақта тұрақты түрде өтетінін айта кеткен жөн. Ұйымдастырушылар жоғарғы шынайы жағдайды көрсетуге тырысты. Тілшілер мен операторлар арнайы мақсаттағы бөлімшелер құрамымен бірге жауынгерлік операцияларды көрнекі түрде орындады. Оған ҚР ҚМ арнайы мақсаттағы 10 жауынгері қатысып, олар "барлаушы жолынан" өтті, сонымен қоса тұтқынға түсті және қоршауда қалып, одан аман-есен босады.

Журналистердіӊ психологиялық даярлығына ерекше назар аударылғаны, сонымен бірге психологиялық беріктікті нығайтудыӊ жаӊа әдістемесі жасалып, арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ даярлық сабағына енгізілуі "Искери дискурс" екінші семинарыныӊ ерекшелігі болғанын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны