Система Orphus

Журналистер Hummer және Cobra броньды техниканыӊ тест-драйвын өткізді

18.06.2015, 13:15 3423

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Танымал интернет-басылымдардыӊ журналистері қазақстандық армияныӊ автомобильдерін қозғалу кезінде бағалау, машинаныӊ жүрісін сезіну, тегіс және жолсыз жолда оныӊ қабілеті мен қозғалысын тексерудіӊ бірегей мүмкіндігін алды. Тілшілер қазақстандық армияныӊ жарағындағы броньды техниканыӊ Hummer және Cobra екі моделін тестіледі және олардыӊ қорғаныс деӊгейіне шынайы жағдайларда көз жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Журналистер әскерилер жаттығып жатқан Астана маӊындағы 68665 әскери бөлімініӊ оқу-жаттығу базасында болып қайтты. Тест-драйвты өткізу кезінде автомобильдіӊ техникалық сипаттамаларына ғана емес, отырғызу кезінде және толық жауынгерлік жарақтандыруда экипаж мүшелері өздерін қалай сезінетініне назар аударылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Кобра (Cobra) бронетранспортері - "Otocar" түрік компаниясыныӊ көп нысаналы жеӊіл құрышталған дөӊгелекті машинасы. Машинаныӊ қорабы қаӊқалы сызба бойынша орындалған. Оған броньдау элементтері, күштік құрылғы және трансмиссия бекітіледі. Броньдау дәрежесі 7,62 мм дейінгі калибрлі атыс қаруыныӊ атысы мен жарылғыш құрылғылардыӊ зақымдаушы элементтерінен экипаж бен тасымалданатын жеке құрамды қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл STANAG 4569 топтастырылуы бойынша қорғаудыӊ 1-деӊгейіне сәйкес келеді. Машинаныӊ борттары мен корпустыӊ артқы бөлігінде бақылау аспаптары мен атыс саӊылауы орналасқан. Ол арқылы десант жеке қаруынан атысты жүргізе алады.

Журналистер тестілеуден өткізген екінші броньды техника Hummer экстремальді дөӊгелекті броньды транспортер болды. Автомобиль сенімді, жоғары өтімді, төзімді және әмбебап болып табылады. Бұл оны азаматтық секторда да пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде HUMMER әлемдегі еӊ үлкен жол таӊдамайтын көлік болып табылады.

Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ұйымдастыруымен әскери тақырыпқа арналған блогерлер арасында интернеттегі үздік пост байқауы басталды. Байқауға ҚР азаматтары, тәуелсіз журналистер, блогерлер, танымал интернет-тұғырнамаларда жалпыға қол жетімді блогтарды жүргізушілер қатыса алады. Қатысу үшін оларға 2015 жылғы қаӊтардыӊ 1-і мен қыркүйектіӊ 20-ы аралығында әлеуметтік желілер мен блогтарда жарияланған Қарулы Күштердіӊ қызметіне арналған интернет-жарияланымдарды (мақалалар, эссе, сұхбат, суреттемелер мен т.б.) ұсыну қажет.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны