10.10.2006, 18:06 3070

Журналистер Конгрессі атқару комитетінің төрайымы БАҚ туралы заң жобасын өткізуге "Отан" партиясының парламенттегі фракциясы қолдау көрсетеді деген сенімде

АЛМАТЫ. 10 қазан . Kazakhstan Today. Қазақстан журналистерінің Конгрессі (ҚЖК) атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бір топ депутаттардың ұсынған бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын өткізуге "Отан" республикалық партиясының парламенттегі фпакциясы қолдау көрсетеді деген сенімде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Отан" партиясының 2009 жылға дейінгі бағдарламасында өте жақсы бөлім бар -ол бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа , либералды заң қабылдау",-деп атап өтті Дариға Назарбаева. "Отан" партиясына парламенттегі фракциясы арқылы біздің заң жобаны қолдау жөнінде өтініш жасау туралы менің ұсынысымды Қазақстан журналистерінің Конгрессі қабылдайды деген ойдамын",-деді ол. Оған оптимистік көзқараспен қарайтынын да жеткізді. "Мен үлкен сенімдемін",-деді Д.Назарбаева.

Осыған дейін хабарланғандай, заң жобаны әзірлеу үшін бір жарым жыл жұмсалып, 2006 жылдың маусым айында мәжілістің қарауына енгізілді. Алайда, үкімет өзінің қортынды құжатында "заң жобаны дәл осы кезеңде қабылдау ерте" , деген шешім шығарды.

"Бұл жәй сырғыта салғанға ұқсайды",-деді Д.Назарбаева. "Заң жобасын кері қайтаруға себеп болып, қазірде жойылған ресми кемшілік-тіркеу үшін алынатын алым еді",-деп атап өтті ол.

"Біз оны алып тастауды ұсынған едік. Ал үкіметтің пайымдауынша тіркеу алымын жойсақ, мемлекет шығынға батады-мыс. Сондықтанда біз заң жобасының әрі қарай жылжуына кедергі келтіретін формалды кемшілікті, яғни бұл норманы мүлдем алып тастадық",-деді Д. Назарбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны