18.04.2007, 17:09 3525

Журналистер ұйымдары ІІМ мен Бас прокуратураға жоғалып кеткен журналисті іздестіру жұмыстарын тездетуді өтінді

АЛМАТЫ. - сәуір. Kazakhstan Today. Журналистер ұйымдары ІІМ мен Бас прокуратураға 30-наурызда жоғалып кеткен "Заң және әділеттілік" газетінің журналисті Оралғайша Омаршанованы іздестіру жұмыстарын тездетуді өтінді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстанның журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев хабарлады.

"Бүгін депутаттар мен журналистер ұйымы осы мәселені көтеріп, Бас прокуратура мен ІІМ өтініш жасады",- деп түсіндірді С. Матаев.

"Иділ сөз" сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калееваның айтуынша, бұл (журналистің жоғалуы - ред.) журналистік іс-қызметке қатысты деуге негіз бар. Сонымен қатар, С. Матаев қазір болжамдар өте көп және де қазіргі уақытта журналистің жоғалуын басылымға шыққан қандайда бір нақты материалмен байланыстыруға болмайды, деп атап көрсетті. "Басылымның директоры Оралғайшаның ащы шындықты шыңдайтын материалдарының өте көп болғандығын айтып отыр",- деп қосты ол.

"Заң және әділеттілік" газетінің Алматы облысы бойынша жеке тілшісі Мұхит Ысқақовтың ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 30-наурызында сыбайлас жемқорлық қылмысын тергеумен айналысып жүрген журналист жоғалып кеткен. 26-наурызда газет бетінде оның "Кровавый беспредел, или Кто стоит за братьями-"махновцами" атты соңғы мақаласы жарық көрген болатын. Бұл мақалада журналист Алматы облысының Маловодное аулыныңдағы қанды жанжалдың себептерін талдаған. Мақаланың соңғы сөзінде мақала газеттің келесі санында жалғастырылатындығы хабарланған. 29-наурызда О. Омаршанова өзінің әріптестерімен бірге Алматыға іссапармен келеді, ал 30-наурызда О. Омаршанованың құрбысы оны белгісіз көлікке отырып жатқандығын көрген. Бұдан кейін оны ешкім көрмеген.

Журналистің бауыры Жанат Омаршанов бір апта бойы өз бетінше іздеу жүргізгенін, барлық достары мен таныстарына қоңырау шалғанын, бірақ олар ешқандай ізге түсе алмағандығын айтуда. "Біз құқық қорғау органдарына адамның жоғалғаны туралы өтінішпен жүгіндік. Қазір Алматы қалалық ІІД-де Оралғайшаны іздеу жөніндегі арнайы топ құрылды, Алматы қаласының ІІД Жетісу АІІБ де іздеу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ іздеу әзірге ешқандай нәтиже бермей отыр",- деді ол.

Сонымен қатар, журналистік ұйымдар барлық журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жоғалған әріптестерін іздеуге көмек көрсетуге өтініш жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны