05.07.2006, 11:20 3316

Журналистердің халықаралық федерациясы Қазақстан президентінен БАҚ мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге вето қоюды сұрайды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Журналистердің халықаралық федерациясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа БАҚ мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге вето қоюды сұрап өтініш жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Халықаралық журналистер федерациясы мен оған мүше 500 мың адамның атынан, дүниежүзі журналистерінің атынан мен Сізден БАҚ мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге вето қою құқығын пайдалауды сұраймын. Өйткені бұл түзетулер журналистің жұмысына қатаң шектеулер қоюмен бірге сөз бостандығы мен баспасөздің еркіндігіне біршама қауіп төндіреді”,- делінген Халықаралық журналистер федерациясының бас хатшысы Эйдан Вайт қол қойып, кеше таратылған мәлімдемеде.

Халықаралық журналистер федерациясының пікірінше, сот қаулысына сәйкес жабылған басылымдардың редакторларына осыдан кейін БАҚ редакторы лауазымында жұмыс істеуге тыйым салатын түзетулер “мемлекет тарапынан журналистерді мейлінше қатаң қадағалауға мүмкіндік беріп, билікке БАҚ-тарды тіркеуден бас тартуға жол ашатын заң бұзушылақтар санын еселей түспек”.

“Біздің пікірімізше, БАҚ мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін осынау түзетулер журналистерге қысым көрсетуге септігін тигізеді. Соның салдарынан журналистер үкімет рұқсат берген материалдарды ғана басуға мәжбүр болмақ. Ал бұл шынайы еркін әрі тәуелсіз басылым ролімен мүлдем қабыспайды. Бұл түзетулер “қоғамның БАҚ-тарға деген сенімін арттыруға да, сіздің үкімет сеніп отырған мемлекеттің қауіпсіздігін күшейтуге де мүмкіндік бермейді”, делінген хабарламада.

“Президент мырза, 2004-жылдың сәуір айында сіз журналистер мен БАҚ-тардың басты құқығын шектейтін осы тектес заң жобасына вето қою құқығыңызды жүзеге асырдыңыз. Біз осы қадамға қайта бару қажеттігіне сізді сендіреміз. Сол арқылы сіз республика үкіметінің еркін әрі демократиялық баспасөздің аяғынан тұруына қызмет етіп отырғанын дәлелдей аласыз”,- деді ол.

“Бұл Қазақстан үкіметінің сөз бостандығының қорғаушысы екенін дүниежүзіне паш ететін үлкен мүмкіндік. Ирі ол сіздің елдің 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болуға жасап отырған талпынысы аясында аса маңызды қадам болмақ”,- делінген құжатта.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны