29.08.2006, 09:49 3896

Журналистік ұйымдар әлемдік қоғамдастықты Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрін нон грата тұлғасы деп жариялауға шақыруда

АЛМАТЫ. 29 тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның бірқатар журналистік ұйымдары мен БАҚ ұжымдары әлемдік қоғамдастыққа үндеу жолдауда , онда мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты нон грата тұлғасы деп жариялауды сұраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қырықтан астам өкілі қол қойған хабарламада, "Біз сіздерге Қазақстанның журналистері, оқырмандары мен көрермендері атынан, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі ҚР заңына енгізіліп, "Ертісбаевтың түзетулері" деген атқа ие болған соңғы өзгертулерге байланысты өз бағаларыңызды берулеріңізді сұраймыз" , делінген.

"Ертісбаевтың енгізген түзетулері, азаматтың толыққанды ақпарат алып таратуына шектеу қояды, тәуелсіз баспасөздің дамуына кедергі келтіреді, медиа саланың дамуын он жылға кейін шегереді. Баспасөз толығымен шенеуіктердің билігіне өтті", -деп көрсетілген құжатта.

БАҚ өкілдерінің пайымдауынша, жағдайды өзгерту үшін, ел басшыларына, "олардың әрекеттері Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік жіәе ынтымақтастық ұйымы аясындағы міндеттемелеріне және Азаматтық , саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге сәйкес келмейтіндігін түсіндіру өте маңызды". Хабарламада "Еуроодақ немесе Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан "баспасөз бостандығын тұншықтырушыларға" өз аймақтарына кіруге тыйым салынса ",- деп көрсетілген. Илемдік қоғамдастыққа үндеу тастаушылар ең әуелі Ермұхамет Ертісбаевты нон грата тұлғасы деп тануға шақырады."Бұл өзге шенеуіктерге де өз әрекеттері мен бастамаларына тікелей жауапты екенін ұғындыратындай сабақ болар еді",- дейді журналистік ұйым өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны