05.11.2018, 18:51 7932

Жүрсін Ерман "Көкжайлау" жобасына қарсылық білдірушілерді батыл сынады

Альпіге жақын орналасқан Еуропа елдері таушаӊғысы туризмінде жақсы табысқа қол жеткізуде. Біздіӊ тауларымыз қандай керемет, біз табиғаттыӊ бар байлығын барынша ұтымды пайдалануымыз қажет", - деп атап өтті Жүрсін Ерман.

Алматы. 5 қараша. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Жүрсін Ерман "Көкжайлау" жобасына қарсылық білдірушілерді өздерін жарнамалаушылар мен арзан ұпай жинаушылар деп батыл сынады.

"Меніӊ ойымша, "Көкжайлау" жобасына қарсы жандар жеӊіл жол іздеп, өздерін жарнамалап, арзан ұпай жинауда. Бізге біреу емес, осындай бірнеше жоба қажет. Альпіге жақын орналасқан Еуропа елдері таушаӊғысы туризмінде жақсы табысқа қол жеткізуде. Біздіӊ тауларымыз қандай керемет, біз табиғаттыӊ бар байлығын барынша ұтымды пайдалануымыз қажет", - деп атап өтті Жүрсін Ерман.

Өз кезегінде "Болашақ" республикалық қозғалысыныӊ төрағасы Дәурен Бабамұратов жекелеген қазақстандықтардыӊ Австрия мен Франция курорттарына баруларына мүмкіндіктері жоқ екенін айтты.

"Сонда жастар қайда сырғанаулары тиіс? Кейбіреулерініӊ Еуропада, Франция мен Австрияда шаӊғы тебулеріне жағдайлары көтермейді. Егер "Көкжайлаудыӊ" орнына зауыт салынса, ол қоршаған ортаға зиянын тигізеді ғой", - деді Дәурен Бабамұратов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны