24.03.2019, 20:15 5343

Жыл басынан Шымкент қаласының прокуратурасы 6 кәсіпорында 816 қызметкердің 117 млн. теңгеге жуық жалақы қарызының төленуін қамтамасыз етті

Осылайша, Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде "Шымкентхиммонтаж" ЖШС-і 66 млн. теңгеге 365 қызметкердің жалақы қарызын төледі.

Шымкент. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Жыл басынан Шымкент қаласының прокуратурасы 6 кәсіпорында 816 қызметкердің 117 млн. теңгеге жуық қалыптасқан жалақы қарызының төленуін қамтамасыз етті.

Осылайша, Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде "Шымкентхиммонтаж" ЖШС-і 66 млн. теңгеге 365 қызметкердің жалақы қарызын төледі.

Бұдан басқа, "Саудеинвест" ЖШС-нің басшысына қатысты жұмысшылардың жалақысын басқа мақсаттарға жұмсауына байланысты толық және уақытылы төлеуді бірнеше рет кешіктіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚР ҚК 152-бабының 3-бөлігі), ол а.ж. 12 наурызынан бастап Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының өндірісінде.

Банкроттық сараптама жұмыстарының нәтижесінде, прокурорлар анықтаған "Нарде" ЖШС-нің бірқатар мүліктері аукцион арқылы заңды тұлғаға сатылып, алынған түсім 37 жұмыскердің алдындағы 4,6 млн. теңге жалақы қарызын өтеуге жұмсалды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қадағалау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны