27.10.2015, 13:10 4354

Зілзаладан құрбан болғандар саны 350-ден асты

Ауғанстанда болған күшті жер сілкінісінен қаза болғандар саны артып барады

Астана. 27 Қазан. Kazakhstan Today - Ауғанстанда болған күшті жер сілкінісінен қаза болғандар саны артып барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соӊғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан Пәкістанныӊ - 275, Ауғанстанныӊ - 80-нен астам және Үндістанныӊ 4 тұрғыны көз жұмды. Мұнан бөлек 2 мыӊнан аса адам жарақат алған. Оныӊ ішінде Тахар провинциясында 10 оқушы қыз сілкіністі сезген бойда абдырап, терезеден секіріп кетіп, опат болған. Қуаты 7,5 балдық зілзала ошағы Ауғанстанныӊ солтүстік-шығыс өӊірінде тіркелді. Сілкіністіӊ жойқын болғаны соншалық, оныӊ күші Пәкістанныӊ барлық аймағында байқалған. Бұдан басқа, жер асты дүмпулері Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Изербайжан мен Қазақстанда да сезілді, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны