19.08.2018, 13:05 5593

2018 жылдыӊ 26 тамыз күні Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

Қазіргі таӊда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моӊғолия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерініӊ мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

Астана. 19 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 26 тамыз күні Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді.

Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады.

Қазіргі таӊда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моӊғолия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерініӊ мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

"Чемпионатқа мықты деген палуандар қатысады. Айталық, Моӊғолиядан дзюдодан чемпион, Еуразия барысыныӊ күміс жүлдегері атанған Ган Товшинжаргал қатысады. Ал, Өзбекстаннан Эркин Данияров бар. Ол әлем чемпионы, Өзбекстанныӊ екі дүркін чемпионы атанған спортшы, әрі қазақ күресініӊ ережелерін өте жақсы біледі. Қырғыстан мен Жапонияныӊ да командары осал емес. Сондықтан біздіӊ палуандарымыз медаль алуы үшін біраз тер төгуі керек. Оӊай жеӊіс болмайтыны анық" - деді Ұлан Рысқұл Қазақ күресінен халықаралық федерациясыныӊ Бас директор кеӊесшісі, Қазақстан барысы атанған спортшы.

Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді.

Азия Чемпионаты Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласыныӊ әкімдігі, Самрұқ Қазына әл ауқат қоры, ERG Еуразиялық тобыныӊ қолдауымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылары "Халықаралық қазақ күресі федерациясы" ЗТБ.

2018 жылы 26 тамызда Астанада қазақтыӊ ұлттық күресі - қазақ күресінен өтетін Азия чемпионатында 20 мыӊ АҚШ доллары сарапқа салынады.

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясыныӊ бас хатшысы Азамат Тілеулесов турнирдіӊ жүлде қоры туралы айтып берді.

"Ир салмақ дәрежесі бойынша жеӊімпаздарға 1000 доллардан табысталады, күміс жүлдегерге 500 доллардан, ал қола медальға 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3000 доллар, күміске 1500 доллар, қола жүлде иесіне 1000 доллар табысталады", - деді Тілеулесов.

Қазақ күресінен чемпионатқа 11 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді.

Айта кетсек, Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істейді. Олардыӊ арасында қазақстандық қана емес, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері болады. Соныӊ ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан шақырылып отыр.

Қазақ күресі (Qazaq kuresi) ұлттық спорт түрі ғана емес, ол ЮНЕСКО-ныӊ материалды емес мұралар тізіміне кіреді. Былтыр Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы құрылып, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев федерация Президенті болып сайланды. Жыл сайын осы спорт түрінен бірнеше халықаралық және республикалық жарыстар өтеді. Соныӊ бірі 2017 жылы өткен Илем чемпионатына 40 елден 160 балуан қатысты.

Анықтама үшін:

ЗТБ "Қазақ күресі халықаралық федерациясы" 2017 жылдыӊ 24 наурызында Астана қаласыныӊ Иділет департаментінде тіркелген.

2017 жылдыӊ ақпан айында 35 мемлекет өкілдерініӊ қатысуымен Астана қаласында өткен Қазақ күресі халықаралық федерациясыныӊ Конгресінде федерация жұмысы нықталып, президенті ретінде Қанат Бозумбаев тағайындалды. Сонымен қатар, федерацияныӊ вице-президенттері қатарында олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен танымал балуан Дәулет Тұрлыханов, ҚХР мен Польша федерацияларыныӊ жетекшілері бар.

Eurasian Resources Group (ERG) - кәсіпорындары қазып шығару, өӊдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өӊдейтін әлемдегі еӊ ірі әртараптандырылған компаниялардыӊ бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан 14 елде Еуразиялық Топтыӊ кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны