31.07.2015, 16:05 12311

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Бейжіӊде өтеді

Бейжіӊ 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын қабылдайды, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетініӊ 128 сессиясында белгілі болды

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Бейжіӊ 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын қабылдайды, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетініӊ 128 сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана уақытымен сағат 15.00-де 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалаға дауыс беру аяқталды. ХОК мүшелері ойындарды өткізуге Бейжіӊ қаласы лайық деп тапты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізуге Алматы мен Бейжіӊ қалалары ниет білдірген болатын.

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарыныӊ астанасын Халықаралық олимпиада комитетініӊ 85 делегаты таӊдады. Үміткер елдер - Қазақстан мен Қытайдан келген ХОК мүшелері дауыс беруге қатысқан жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны