03.02.2015, 17:56 17197

Алматыда Жасөспірімдер арасында солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионатыныӊ ашылу рәсімі өтті

Бүгін Алматыда "Сұӊқар" шаӊғы трамплиндерініӊ халықаралық кешенінде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионатыныӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, бейінді басқармалар жетекшілері.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда "Сұӊқар" шаӊғы трамплиндерініӊ халықаралық кешенінде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионатыныӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, бейінді басқармалар жетекшілері, Халықаралық шаӊғы спорты федерациясыныӊ консулы Роман Кампуст, FIS Кеӊесі мен шетел делегацияларыныӊ мүшелері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала басшысы жиналған қауымды чемпионаттыӊ ашылуымен құттықтап, іс-шараныӊ маӊыздылығын атап өтті, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

"Біз үшін мұндай деӊгейдегі жарыстарды өткізу зор құрмет. Алматыда жыл сайын әлемдік деӊгейдегі біріншіліктер өткізілуде, дегенмен солтүстік дисциплиналар бойынша чемпионат алғаш рет өтуде. Бұл чемпионаттыӊ біз үшін маӊызы зор. Себебі біз 2 жылдан кейін қысқы Универсиаданы өткіземіз", - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде, Роман Кампуст Алматыныӊ біріншілікке дайындығыныӊ жоғары деӊгейін атап өтіп, спортшыларға сәтті сөре, жоғарғы көрсеткіштер мен жеӊістер тіледі.

Жасөспірімдер арасындағы солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионаты 1-ақпан мен 8-ақпан аралығында өтеді. Біріншілік 240 млн. көрермен аудиториясы бар "Евроспорт" телеарнасы бойынша тікелей эфирде көрсетілмек. Алматы әлемніӊ 36 мемлекетінен 576 спортшыны қабылдады, 560 ерікті тартылып, әлемніӊ түкпір-түкпірінен 30-дан астам БАҚ тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны