Система Orphus

Түркістан облысы әкімдігі жеті айдан бері жалақы алмаған "Қыран" футбол командасының спортшыларына қатысты мәселеге алаңдаулышық танытуда

15.10.2019, 19:46 18199

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысы әкімдігі жеті айдан бері жалақы алмаған "Қыран" футбол командасының спортшыларына қатысты мәселеге алаңдаулышық танытуда. Айта кетейік, "Қыран" футбол командасы үш жыл бұрын 10 жыл мерзімге А.Б.Исабаев есімді азаматтың сенімгерлік басқаруына өткен. Осыған дейін, қаржы тапшылығына тап болғандарын айтып, көмек сұраған ұжым жетекшілерін Түркістан облысы әкімінің орынбасары мен жауапты басқарма жетекшілері қабылдаған болатын. "Қыран" футбол командасының жағдайымен жіті танысқан әкімдік өкілдері ең алдымен спортшылардың жалақы мәселесін шешуді назарға алуды баса айтқан. Футбол клубының мәселесіне қатысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы, қаржы басқармасы мен стратегия және экономикалық даму басқармасы басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді. Түркістан облысы қаржы басқармасының мәліметінше, сенім артылған жақ келісім-шарттың талаптарын орындамағаны анықталған. Тиісті талдау жұмыстарының негізінде мәлім болғаны, А.Б. Исабаев облыстық спорт басқармасының келісімінсіз қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, бірнеше рет директорын ауыстырған. Биылғы бюджеттен бөлінген 281 миллион қаражат былтырғы қарызға, дәлірек айтқанда 2018 жылы "Қыран" командасы жанынан заңсыз ашылған екінші лига командасының ойындарына мақсатсыз жұмсалған. Анықталған бірнеше заңсыздықтың нәтижесінде қаржы басқармасы мемлекет тарапынан қаржыландырылатын "Қыран" футбол командасының жетекшілеріне келісім-шарт талаптарын орындамағаны үшін ескерту жолдады. Келісім-шарт бұзылған сәттен бастап, 10 күннің ішінде мүлік мемлекетке қайтарылуы тиіс. Егер де сенімгерлік басқарушы бұл талаптарға келіспейтін болса, қаржы басқармасы сотқа беруге құқылы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны