14.10.2019, 18:08 66145

Ақмола облысының әкімі Жақсы ауданында бокстан жарысты тамашалады

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Эль-Кувейт қаласында өткен жасөспiрiмдер арасындағы Азия чемпионатында сәттi өнер көрсеткен ақмолалық боксшылар - Батырхан Сейтеновке, Виктор Литвиновке, Павел Токаревқа және олардың бапкерлерi Азамат Мағзұмовқа, Руслан Әбiловке салатанатты түрде ақшалай сыйлықтар табыс еттi.

Көкшетау. 14 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Жақсы ауылында Казақстан Бокс федерациясы кубогы Х маусымының "В" тобындағы 1/4 финалын барып көрдi. 10-13 қазан аралығында Т.А.Уәлиев атындағы спорт мектебiнiң рингiнде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Жамбыл және Ақмола облыстарының командалары кездестi.

"Жақсы жерiнде елiмiзде ғана емес шетелдерге де танымал спортшылар өсiп шықты. Олар бiздiң чемпиондарымыз - Дина Жоламан, Нұрдәулет Жарманов. Бiз боксшыларымыздың ғана емес, грек-рим күресiнен балуандарымыздың, футболистерiмiз мен баскетболшыларымыздың жетiстектерiнде мақтан етемiз. Спортшылардың идеялық рухтандырушысы, "TNK" компаниясының директоры Батырбек Уәлиевке үлкен алғысымды бiлдiргiм келедi, - деп, облыс әкiмi спортшыларға келесi жылы өтетiн олимпиадаға көбiрек лицензия ұтып алуды тiледi.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Эль-Кувейт қаласында өткен жасөспiрiмдер арасындағы Азия чемпионатында сәттi өнер көрсеткен ақмолалық боксшылар - Батырхан Сейтеновке, Виктор Литвиновке, Павел Токаревқа және олардың бапкерлерi Азамат Мағзұмовқа, Руслан Әбiловке салатанатты түрде ақшалай сыйлықтар табыс еттi.

Жарыстың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының командасы жеңiмпаз атанып, ҚБФ Кубогының жартылай финалына жолдама алды.

Сонымен қатар ұйымдастыру комитетi әр командадағы "Үздiк боксшы" аталымы бойынша жүлделер тағайындады:

Нұр-Сұлтан - Сүлейменов Iлияс;

Алматы - Нұрғали Алмаз;

Жамбыл - Қыдырбаев Жанболат;

Ақмола - Мусинов Сұлтан.

"Үздiк төрешi" атағы AIBA ХК төрешiсi Қуаныш Қауашевке (Қарағанды) берiлдi.

Облыс әкiмi осы ауылда ағымдағы жылдың желтоқсанында пайдалануға берiлуi жоспарланып отырған "Нұрлы жер" мемлекеттiк бағдарламасы бойынша салынып жатқан 27 пәтерлi үйдiң құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны