14.08.2019, 00:16 111349

Ақтауда кекушинкай каратэдан оқу-жаттығу жиыны өтуде

"Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ" ұйымы 1997 жылы Ақтау қаласында құрылған. Алғашқы жаттығу жұмыстарын кішкене ғимаратта бастаған қауымдастықтың өрісі кеңіп, қазіргі таңда құрамына 15 облыс мүше.

Ақтау.14 тамыз. Kazakhstan Today - Ақтауда кекушинкай каратэдан оқу-жаттығу жиыны өтуде. 15 облыстың мықтылары қатысқан додада үздік танылғандар қазан айында Мәскеуде өтетін VI әлем кубогіне қатысады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ" қауымдастығының президенті Тәжімұрат Найзабеков Толбайұлы мәлімдеді.

"Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ" ұйымы 1997 жылы Ақтау қаласында құрылған. Алғашқы жаттығу жұмыстарын кішкене ғимаратта бастаған қауымдастықтың өрісі кеңіп, қазіргі таңда құрамына 15 облыс мүше. Олимпиадалық емес спорт түріне деген жастардың қызығушылығы өте жоғары. Бүгінде Ақтауда осы бағытта өтіп жатқан оқу - жаттығу жиынына Республика көлемінде 400 ге жуық үміткер қатысуда. Олар үшін мұндай шаралардың берері мол, үлкен шеберлік сабағы іспетті. Өйткені, осы оқу-жаттығу жиынында үздік танылған 45 каратэшы қазан айында Мәскеуде өтетін VI әлем кубогіне қатысады. Төрт облыстан іріктеліп алынған чемпиондардың ішінде 4 маңғыстаулық спортшы бар.

"Қатысушыларымыздың дайындығы өте жоғары деңгейде. Жалпы осыған дейін өтіп келген әлем кубоктарында Қазақстан құрама командасы жеңіліс тапқан емес. Атап айтсақ, 2017 - жылы қараша айында Индонезияда өткен V әлем кубогінде біздің құрама жүлделі 1-орын алды. Бұл әрине, жаттықтырушыларымыздың ерен еңбегі", - деді "Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ" қауымдастығының президенті Тәжімұрат Найзабеков.

Қазан айында Мәскеу қаласында өтетінVI әлем кубогіне 28 елден қатысушылар ниет білдірген. IKO "Kyokushinkaikan Union" халықаралық ұйымы және "Kyokushin Karate Russia" бірлестігі ұйымдастырып жатқан тартысты шараның ашылу салтанатында Жапонияның каратэ шеберлері өнер көрсетпек. Бүгінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы ұлттық құраманың әлем чемпионатына қатысуы үшін қаржы бөліп отыр, қолдау көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны